1688

Астаналық волейбол командасы Ұлттық лиганың финалына шықты

Әйелдер Ұлттық лигасының бесінші туры мереке күндерімен тұспа-тұс келді.

Әйелдер Ұлттық лигасының бесінші туры мереке күндерімен тұспа-тұс келді. 21-26 наурыз аралығында Қарағандыда өткен чемпионат жеңімпаздары анықталды.

Бірінші орынды Талдықорғанның «Жетісу» командасы иеленіп, қатарынан бесінші рет ел чемпионы атанды.

«Астана» ВК соңғы турда бір ұпай алса, чемпионаттың күміс жүлдесіне ілінуге мүмкіндігі бар. Үшінші орын Павлодардың «Ертіс-Қазхром» командасына бұйыруы мүмкін.

Бесінші турда астаналықтар үш рет жеңді, тек «Жетісу» командасынан ғана жеңілді. Рүстем Мәсімовтың командасы «Алматы» ВК командасын төрт сетте – 3:1 (25:20, 25:17, 19:25, 25:22) есебімен жеңді. Осылайша, өткен жеңілістерге жеңіспен жауап берді. Келесі ойынды астаналық команда «Жетісумен» өткізді. Алғашқы екі сетте талдықорғандық волейболшылар 25:23, 26:24 есебімен, ал үшінші сетте 25:10 есебімен алға шықты.

Бір күндік демалыстан соң «Астана» өздерін өкшелеп келе жатқан «Ертіс-Қазхром» командасын 3:1 (19:25, 25:15, 25:13, 25:19) есебімен тізе бүктірді. Ал соңғы күні алаң қожайындарын 3:0 (10:25, 15:25, 20:25) есебімен ойсырата ұтты.

Турдың қорытынды ойындары Талдықорғанда 15-21 сәуір аралығында өтіп, сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Волейбол клубының директоры Мақсат Әлібайұлы Танан: «Бізге екінші рет вице-чемпион атану үшін бір ғана ұпай қажет»,-дейді.

Естеріңізге саламыз, 2011-2012 жылғы маусымда «Астана» волейбол клубы ұлттық біріншілікте күміс жүлдені жеңіп алған болатын, ал сәуірде өтетін ақтық сында сол атағын қорғауы керек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109