1305

Астананың әрбір төртінші тұрғыны спортзалға барады

Қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының тапсырмасы бойынша Астана тұрғындарының спортпен айланысу ерекшелігіне жалпы сипаттама беру үшін ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының тапсырмасы бойынша Астана тұрғындарының спортпен айланысу ерекшелігіне жалпы сипаттама беру үшін ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Аstana.kz сайтына Басқармадан хабарлағанындай, әлеуметтік зерттеу сауалнамасына 14 жастан жоғары түрлі саладағы 1000-нан астам респондент қатысқан. 

Сауалнама барысында бүгінгі күні елорда тұрғындарының ширектен астамы қалалық спорт орындарына баратындығы анықталды. Сонымен қатар, астаналықтардың  65%-ы спортпен айналысады. Негізінен олар бассейндерге (74%), фитнес-орталықтар мен жаттығу залдарына барғанды (42%) ұнатады. Онда ауа райына тәуелсіз жылдың қай кезінде де жаттығуға болады. Сондай-ақ, азаматтардың қандай спорт түрлерін қалайтындықтары да белгілі болды. Мәселен, 29 жасқа дейінгі ер адамдар мен жас жігіттер халықтың кейбір санаттарына мүлде тосын спорттық секцияларға жазылады. Ерлердің әрбір үшіншісі, әйелдердің әрбір төртіншісі спорттық нысандарға жиі баратын көрінеді.  

 Қандай спорт мекемелерiнiң қала тұрғындарының сирек баруына негiзгi себеп болған жайлар да  анықталды. Спортпен айналысуда  Астананың тұрғыны үшiн бүгiн басты бөгет  уақытты үнемдеу болып көрiнедi. Алынған мәлiметтердің басым көпшiлiгiне сәйкес - 71% қала тұрғындары уақыттың жалпыға мәлiм тапшылығын айтқан. Кез келген өзiне спортпен айналысуға мүмкiндiк бере алмайды. Әр төртiншi үйдiң жанында спорттық объектiлерiн жоқтығына сiлтейдi, және басты бөгет бұл ғана емес. Сұралғандардың 17%-ы адамдарының материалдық мүмкiндiктерiнің қол байлау болатындығын айтқан.

Адамдар өздерінің спортпен айналысу мүмкіндіктеріне қанша шығынданатынын сұрағанда анықталғаны мынау болды. Әрбір үшінші адам спортзалға бір барғаны үшін 500 теңге және одан да аз жұмсайды. Сауал салынғандардың 36 %-ы  500-1000 теңгеге дейін тек 9%-ы ғана күніне 2000 теңгеден жоғары төлеуге дайын екенін аңғартқан. Егер орташа алатын болсақ, бір адамның спорт мекемесіне баруына шамамен 1130 теңге жұмсалады. Шындығында, спорттық мекемелерге барып айналысып жүргендердің  бір реттік шығындары 1230 теңгені құрайды. Сұралғандардың 78%-ы аталған баға ұсынылған қызметтердің сапасына байланысты екендігімен келіскен. Бағаның көңілге соғатындығын біле тұрып көптеген адамдар спорт мекемесінің жұмысын жақсарту үшін бағаны төмендетуді ұсынады. Бұған әрбір екінші респондент қосылыпты.

 Сол айғақты мүмкiндiкке ие бола отырып, уақыт тауып спорт нысандарына барғанымен, секцияларда айналысқанымен, астаналықтар өз дене пішіміне назар аударып, оны үнемі қадағаламайтыны көрінеді. Әр үшiншi астаналық тұрғын тонуста өзiн-өз  қолдайды, және бұл табиғи нәрсе деп есептейдi.
Қала басшыларының басты қамқорлықтарының бiрi қол жететiн спорттық инфрақұрылыммен азаматтарды қамтамасыз ету. Сондықтан бұл тақырып ерекше iлтипатқа бөлендi. Астаналықтар уақыт, орынды таңдауда, мүмкіндікті жоғары бағалауда түрлі ұқсастықтар көрсеттi.

Әрбір екінші астана тұрғыны үшін спорттық мекемеге қай күні бару маңызды емес. Спортпен айналысатын ең ыңғайлы мезгіл сұрау салушылардың пікірінше, түстен кейінгі және кешкі  уақыт. Атап айтқанда, 18.00-ден 20.00 сағатқа дейін. Спортзалдарында аптасына екі-үш рет астаналықтардың 25%-ы айналысатын көрінеді. Әрбір бесінші елордалық тұрғын спорт мекемелеріне айына  ең болмағанда бір рет баратындығын мойындаған. Спорт мекемесіне баратындардың 57 %-ы спортпен «қол тигенде» айналысса, 44 %-ы тұрақты айналысады екен.  Тұтастай алғанда, көптеген келушілер (60,1%) спорт мекемелеріндегі жасалып отырған жағдайға, қызмет сапасына  қанағаттанғандық сезімін білдірген.  .

Астанада спортпен ең көп айналасатын жер бассейндер. Оларға арнайы спорт мекемелеріне спортпен айналысатындардың 56%-ы барады. Азаматтардың 42%-ы спорт залдарына барады. Азаматтардың 31 %-ы үшін жаттығу залы, 22%-ы үшін мұз айдынында сырғанақ тебу пайдалы іс болып табылады. Ал 9,7 % елорда тұрғыны фитнес-орталықты таңдайды.

Қалықтардың 60%-ы қалада спорт нысандары жеткілікті деп санайды. Ал 36%-ы мұнымен келіспейді. Олардың ойынша, бассейндер мен спорттық және жаттығу залдарын және шаңғы тебетін жерлерді  көбейту керек.  63%-ы тұрғын спорт мекемесіне олардың қолы жетімді деп санайды.  35%-ы мұнымен келіспейді. Олардың көбі Есіл ауданының (53%) тұрғындары.  Анықтап қарағанда көрінгені спорттық нысандардың аса жетіспеушілігі Астананың сол жағалауында болып отыр. 

Сұралғандардың жартысы Астана спорт қаласы деп жауап берген. Дегенмен, 44%- спорттық іс-шаралардың жеткілікті өткізілмейтіндігін алға тартқан.

Спортпен кәсіби айналыспайтын елорда тұрғындары спорттың түрін таңдауда, онымен айналысуда  әртүрлі пікірлер білдірді. Алайда, барлығы да реті келсе спортпен айналысқысы келетіндіктерін жасырмады. Спорт түрлерінің рейтингі жан-жақты жеңімпазды анықтай қойған жоқ.  Дегенмен, көптеген астаналықтар жеңіл атлетиканы таңдағысы келетіндігін байқатты. Мәселен, күрес пен жеңіл атлетиканы қалайтындар (14%-дан) кейінгі орында теннис (10%), волейбол (9%) және йога (8%) тұр. Азаматтар айналысатын спорт түрлері рейтингі тіптен басқаша болып шықты. Елордалықтардың 35%-ы жүзеді, әрбір бесіншісі боксты, күресті таңдайды. Таңдау жөнінен футбол – үшінші орында тұр. Одан кейін фитнес, жеңіл  атлетика, велоспорт және баскетбол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109