821

Елордалық шаңғышы қыз әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында (CISM) шаңғымен бағдарлаудан Қазақстанның әйелдер командасы эстафеталық жарыста қола жүлдеге ие болды.

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында (CISM) шаңғымен бағдарлаудан Қазақстанның әйелдер командасы эстафеталық жарыста қола жүлдеге ие болды.

Қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, қола жүлдегердің бірі Астана қаласының тұрғыны. Эльмира Молдашева Астана қаласындағы Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Ол спорттың бұл түрімен көптен айналысып келеді.  Спорттық бағдарлаудан 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған. 

 Францияда өткен әлем чемпионатының тұғырына көтерілу – қазақстандық шаңғышылар үшін әлемдік деңгейдегі додаларда көрсеткен жақсы нәтиже.

Бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Мысалы, жуырда ғана Риддер қаласында Әлем чемпионаты өтті. Шаңғымен бағдарлау 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Дүниежүзілік қысқы Спартакида бағдарламасына спорт түрі ретінде енгізілді.

CISM әлемдік қысқы ойындары – бұл Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған мульти-спорттық іс-шараға жатады және төрт жыл сайын өткізіліп тұрады. Ойындар осымен екінші рет өткізілді. Алғашқысы Валле-д'Аоста қаласында (Италия) өткізілген болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109