1344

Чех теннисшілері елордалық кортты әлемдегі ең үздіктер қатарына қосты

Чех құрама командасының ойыншылары елордадағы Ұлттық «Дәулет» теннис орталығын әлемдегі үздіктердің қатарына қосты.

Бұл туралы бүгін чех командасының көшбасшысы Радек Штепанек Дэвис Кубогы әлемдік тобы ширек раунды алдындағы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Сіздердің корттарыңыз әлемдегі үздіктер қатарында. Бізде дайындалу үшін уақыт бар. Әрбір жаттығудан кейін кортты ретке келтіреміз», - деді ол.

Тұтастай алғанда, чех құрамасының капитаны Ярослав Навратил өзінің командасының бабы келісіп тұрғанын және негізгі ойыншы Томаш  Бердыхтың қатыспауына қарамастан, жеңіске деген сенімдерінің мол екендігін мәлімдеді. Бұған дейін қазақстандықтарға қарсы ойнап үлгерген Чех құрамасының ойыншысы Чехии Ян Хайек те биылғы жылы қарымта қайтаратындығын тілге тиек етті.  

Дегенмен, Қазақстан командасының капитаны Диас Досқараев біздің ойыншылар өздерінің осыдан екі жыл бұрынғы жеңістерін мастанбайтындығын жеткізді. Керісінше, ол кезде талап пен ойын шарттары өзгеше болды. Сондықтан оны малданудың реті жоқ, қазір біздің алдағы кездесуге бар күшімізді салуымыз қажет  дегенді айтты.

Сонымен қатар ол өз командасы ойыншыларының жақсы көңіл-күйде екенін, ойынға сақадай сай дайындалғанын атап айтты. «Маусым аралығында теннисшілер бірқатар турнирлер өткізді. Жеңіс те, жеңіліс те болды. Ең бастысы команда қазір спорттық қалпында. Астанаға дайындалу үшін ертерек келдік. Бәріміз де аман-есенбіз», деді. Чех құрамасының ойыншылары өздеріне ең қауіпті қарсылас ретінде Андрей Голубевті санайтындығын айтты. «Біз Қазақстан командасын жақсы біліміз. Соның ішінде Андрейді де жақсы білеміз», - деді команда капитаны.  Сіздің команда Дэвис Кубогы үшін бесінші жыл қатарынан ойнауда. Біз үшін ол ең мықты қарсылас. Сіздер өз алаңдарыңызда жеңіліп көрген жоқсыңдар», деп түйіндеді сөзін ол.

 Еске салайық, командалар арасындағы жеребе тастау ертең Тәуелсіздік сарайында өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109