1288

Атпен кедергіден секіру спортынан елордалықтардың мерейі үстем болды

Көктем басталысымен Қазақстанда ат спорты түрлерінің маусымы ашылды.

Көктем басталысымен Қазақстанда ат спорты түрлерінің маусымы ашылды. Таяуда Алматы қаласында жас жігіттер мен қыздар және резервтік чемпиондар арасында атпен кедергіден секіруден республикалық біріншілігі аяқталды. Барлық үш санат бойынша да елордалық спортшылар алда келді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.   

Жарысқа Астана, Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары қатысты.  

«Қыздар арасында 110 см биіктік кедергіден секіру байқауында еш қателіксіз арақашықтықты елордадағы №7 ат спорты түрі спорт мектебінің тәрбиеленушісі Анель Худякова жүріп өтті. Екінші орын – алматылық Виктория Хоченкованың, үшінші орын қайтадан астаналық – Виктория Котинаның еншісіне бұйырды», - деп хабарлайды ведомстводан.

Жасөспірімдер 130 см биіктікті бағындырды. Бірінші орынды елордалық спортшы -  Әнуар Досмайылов иеленді. Алматыдан Нияз Исламов екінші орын, Астанадан Нұрболат Қартқожақ қола медаль алды. 

Резервтік чемпиондар арасында осындай биіктікте бірінші және үшінші орынды қайтадан астаналықтар: Абзал Нарынбаев пен Паулина Ассонион тиісінше иеленді. Екінші орын – Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Шыңғыс  Малюкоджаның қанжығасында.

«Қазір елордалық ат-спорты мектебінің өкілдері мамырда өтетін Қазақстанның жеке-командалық чемпионатына әзірленуде. Біздің тәрбиеленушілердің бұл жолы да чемпион болуға мүмкіндіктері толық», - дейді басқарма мамандары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109