Астаналық каратэшілер атақты жапон шеберінен сынақтан өтті
Елордалық
каратистер үшін аты аңызға айналған жапон шебері, Japan Karate Shoto-Federation
(NPO JKS) вице-президенті Танака Такеноридің басшылығымен оқу-аттестациялық
семинары ұйымдастырылды. Бұл туралы
Астана қаласының «Каратэ Шотокан федерациясы» ҚБ мәлім етті.
Танака Такенори 1967 жылы каратэден бүкілжапондық бірінші чемпионатының жеңімпазы атанды. Әрі ол ұзақ жылдар бойы Жапониядағы ең үздік спортшылардың бірі ретінде көрінді. Қазір 8 Дан иегері болып табылады. Бұл Қазақстандағы NPO JKS ресми өкілі Федерация Төрағасы Сергей Корнеевтің ұйымдастыруымен Танаки мырзаның Қазақстанға үшінші рет келуі.
Федерацияның мәлімдеуінше, семинардың бірінші күні шебердің өзі Каратэ Шотоканнің қыры мен сырына елордалық каратэшілерді қанықтыру үшін оқу-жаттығу қимылдарына арналды. Семинардың екінші күні Танака мырза қатысушыларды аттестатциядан (Кю- и Дан-тесты) өткізді. Ода 12 адам сынақты ойдағыдай тапсырып, 1 данға өтті және қара белдік алды. Танака мырза елордалық оқушылардың жақсы дайындығы үшін жаттықтырушы Сергей Корнеевке таңданысын білдіріп, алғыс сезімін жеткізді. Оның айтуынша, өзінің бүкіл тәжірибесіндегі 1 Данға барлық қатысушылардың Дан-тест сынағын сәтті тапсыруы кездесіп тұрған екінші жағдай екен.
Бұл күні жаттықтырушы Сергей Корнеев «Халықаралық санаттағы нұсқаушы (Shidouin)», «Халықарылық төреші (Shimpan)», «Халықарылқ санаттағы ресми сынақ алушы (Shinsain)» аттестациясын тапсырды.
Екі күндік семинар кезінде елордалық спортшылар тек аттестацияны сәтті тапсырып қана қойған жоқ, осы жылдың шілде айында Жапонияның Токио қаласында өтетін Каратэ Шотокан Әлем чемпионатына ресми жолдама да алды.
Еске салайық, Сергей Корнеев дайындаған қазақстандық команда халықаралық жарыстарда сәтті табыстарға жетіп жүр. Айталық, Каратэ Шотоканнан Еуропа чемпионатында ( Турин қаласында Италия) 2012 жылы елордалық каратэші Арман Молданьязов тұңғыш рет Еуропа чемпионы титулын жеңіп алды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz