1280

«Алау» сарайында өз тәрбиеленушілері арасында алғашқы жарыс өтті

«Алау» Мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден «Алаулик - 2013» біріншілігі ашылды. Алаулик бұл сарайдың бойтұмарының атауы.

«Алау» Мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден  «Алаулик - 2013» біріншілігі ашылды. Алаулик - бұл сарайдың бойтұмарының атауы.  Достық мағынасындағы шырақ бүгіннен  бастап барлық балалар жарыстарының тұрақты нышанына айналмақ. Бұл туралы «Алау» сарайының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алау»  өз тәрбиеленушілері қатысатын тұңғыш рет ауқымды жарыс өткізбек. Конькимен жүгіру стадионы үшін бұл іс-шара тек спорттық ғана емес, саяси мәнге де ие. 

Сарай қызметкерлері толық емес екі маусым жұмыс істеп, жақсы көңіл күймен жазғы демалыстарына кетеді. Мәреге 80 адам шықты. Бұлар  осы «Алауда» аяқтарына коньки киіп, алғаш мұз үстіне шыққан 80 жас спортшы. 

Салыстыру үшін айтсақ, қазір Қазақстан чемпионатына елдің барлық аймақтарынан 100-ге тарта конькимен жүгіруші жиналады.  Бұл деген енді бірнеше жылдан кейін елорда республикалық жарыстарға керемет дайындығы бар, өз тәрбиеленушілерінен толық команда жасақтап алып шығады деген сөз. 

Әрине, қазір рекордтар туралы айтуға әлі ерте, дегенмен, ең бастысы алғашқы қадам жасалды ал, бұл өмірдегі ең маңызды мүмкіндіктер.  «Алау» бұл тұрғыда шынында да бірегей нысан. Жасына, айналысатын секциясына қарамастан, мұнда балаларға кәсіби спортшылармен бірдей барлық тегін  жағдай туғызылған.  Бүгінде ата-аналар да конькимен жүгіру спортының бала үшін тек құмартушылық ғана емес, өміріне серік болатындай үлкен мәнге ие екенін түсіне бастады. Жасалып отырған жағдай Астанада чемпиондардың өсіп шығуына мүмкіндік туғызады. Жаңа жаттығу базасының арқасында Қазақстан өзінің Әлем чемпионын даярлап шығара алды. Айталық, осыдан небәрі бірнеше апта бұрын осы мұз айдынында Денис Кузин жас спортшыларды шабыттандырып, рухын көтерді. Олардың көбі жарысты жаңа спорттық разрядтармен аяқтады.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109