Астананың жас хоккейшілері ел чемпионатында күміс алды
Астанада 13 сәуірде 2003 жылы туғандар
командасы арасында шайбалы хоккейден «Б» тобында Қазақстан чемпионаты
аяқталды. 9 сәуірде басталған үшінші турдың қорытындысынан кейін жеңімпаздарды
анықтау мүмкіндігі туды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Туризм, дене
тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Барыс» спорттық клубы мұз айдынында бес ойында да жеңісті Өскеменнің «Торпедо-03» командасы уысынан шығармады. Олар кезекті рет турдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, өз ұстанымдарын сақтап қалды және Қазақстан чемпионы атанды.
Оларға 4:6 есебімен есе жіберген біздің команда күміс медальді қанағат тұтты. Елордалық ОРБЖСШ тәрбиеленушілері № 10 команда «Алау» төрт кездесуде де Өскеменнің «Торпедо-04 – 10:0, Бішкектің «Илбирсімен» 7:1, Көкшетаудың «Бурабайымен» және Сәтпаевтың «Қазақмысымен» 9:1 есебін көрсетті.
Қырғызстаннан келген - «Илбирс» үшінші орынға шықса, қорытынды турда төртінші орынға табан тіреді. Алайда бұрын алған ұпайларынның арқасында өздерінің жүлделі орындарын сақтап қалды.
Төртінші орынға – Ақмола облысының «Бурабайы», бесінші орынға –«Торпедо-04» шықты.
Ведомстваның баспасөз қызметі хабарлағанындай, бірінші жеңістен кейін елордалық команданың жаттықтырушысы Александр Струков бүгін 2002 жылғылар және одан да кішілер ойнайтын шайбалы хоккейден қорытынды турға Екібастұзға аттанып кетті. Біздің жас хоккейшілер онда қаламыздың намысын қорғап, жүлделі оралады деген сенім мол.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz