Ел чемпионатында Астана каратэшілері жалпыкомандалық І орынды иеленді
Қазақстан Республикасының чемпионатында жастар мен жасөспірімдер және қыздар мен ерлер арасында елорданың спортшылары каратэ киокушинкай – канн бойынша жалпыкомандылық І орынға қол жеткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана әкімдігінің «Жігер» спорт клубынан мәлім етті.
Киокушинкай - кан каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты 2013 жылдың 14 сәуірінде Атырау қаласында балалар, жастар мен жасөспірімдер, және әйелдер мен ерлер арасында өтті.
Турнирге Қазақстанның: Астана, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы, Павлодар, Петропавл сияқты 10 қаласынан және Ресейдің Астрахан мен Краснодар қалаларынан спортшылар келді.
Тұтастай алғанда, турнирге 300 спортшы қатысты. Төрешілер жарысты үш татамида бағалады.
Спорт клубтың хабарлауынша, командалық есепте Астана І орынға шықты. Күмісті жалпыкомандалық есепте Көкшетау спортшылары, ІІІ орынды Атыраудың спортшылары қанжығаларына байлады.
Қазақстан Республикасының чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Барлық командалар мен көрермендер спорттық іс-шараның ұйымдастырылуына риза болып тарасты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz