Елордалық «Қайсар» спорт клубының өкілдері «ҚАЙСАР ТҰЛҒА» сыйлығын иеленді
Қазақстанның Паралимпиадалық қозғалысы
тарихында алғаш рет 17 сәуірде Бейбітшілік пен келісім сарайында «Спорт тең
мүмкіндіктер» ұлттық жобасы аясында «ҚАЙСАР ТҰЛҒА» бірінші сыйлығын тапсыру
салтанаты өтті.
Іс-шарада үздік жаттықтырушылар мен спортшылар, меценаттар мен спорт клубтары, мектептер мен жекелеген спортшылар марапатталды. Олардың қатарында елордалық «Қайсар» спорт клубының өкілдері - спортшылар Ануар Ахметов, Диана Сүтпаева және жаттықтырушы Владимир Загородний бар, - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.
Марапаттауды олимпиада чемпиондары Валерий Тихоненко, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Бахтияр Артаев, Юрий Мельниченко және басқалар өткізді.
Марапаттау салтанатымен бірге көрермендерге «Hand in hand» қытай балет дуэтінің бірегей туындылары мен ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды.
«Қайсар тұлға» сыйлығымен марапатталған екі елордалық спортшы да – жүзгіштер. Ануар Ахметов Лондоне-2012 паралимпиадасы ойынындағы ҚР құрамасындағы жалғыз өкіл. Әрі спортшыға Ойынның ашылуында еліміздің Туын алып жүруді сеніп тапсырды. Астаналық спортшы Паралимпиадада ТОР-10 құрамына кірген жалғыз қазақстандық болды. Оған Лондон бассейінінде Азияның жаңа рекордын орнату мүмкіндігі туды. Диана Сүтпаева да халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын көптен бері қорғап жүр. Ол еліміздің бірнеше дүркін чемпионы.
Жаттықтырушы Владимир Загородний, бірнеше чемпион дайындап шығарған ұлағатты тәлімгер. 2012 жылы оның тәрбиеленушілері ҚР чемпионатында 30-ға тарта медалға ие болды. Жүзуден Лондондағы жазғы Паралимпиада және Кореяда өткен Азияның Сурдлимпиадалық ойындарының қатысушылары.
«Қайсар» спорт клубы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін алғашқылардың бірі. Міне 11 жылдан бері көшбасшылық ұстанымынан бір танған жоқ. Қазір клубта спорттың 10 түрінен 40 спорт-сауықтыру топтарында 320 мүгедек-спортшы айналысады. Оларға 12 жоғары білікті маман қызмет көрсетеді. Клуб халықаралық дәрежедегі 4 спортшы мен 53 Қазақстанның спорт шеберін дайындаған. Мүгедектер спортының Қазақстан құрамасына 23 спортшы енген. Олардың 12-сі суда жүзеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz