749

Футболдан Мектеп Лигасында №48 МЛ жеңімпаз атанды

Қаланың №48 мектеп лицейі Астана әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан Мектеп Лигасында жеңімпаз атанып, Түркияның оқу-жаттықтыру орталығына жолдама алды.

Қаланың  №48 мектеп лицейі Астана әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан Мектеп Лигасында жеңімпаз атанып, Түркияның оқу-жаттықтыру орталығына жолдама алды. 

Бірінші орын үшін бәсекеде жеңімпаздар үш айналымға түсіп, 47 команданы артқа тастады. Сөйтіп, соңғы турда көш бастады, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.

Екінші орынды № 25 орта мектеп иеленді. Үшінші орынды № 56 мектеп-лицей қанағат тұтты. Енді жүлдегер командалар мамыр айының басында өтетін «Былғары доп» республикалық турнирінде Астананың намысын қорғайтын болады.

Жеңімпаздар шамамен мамыр айының соңында жазғы каникулдары кезінде екі апталық жиынға Түркияға аттанады. Онда олар халықаралық футбол турниріне де қатысады. 

Жеңімпаз командадан бөлек түріктердің футбол орталығына өздерін үздік футболшы ретінде танытқан тағы да үш футболшы барады. № 28 орта мектептің өкілі  Петр Марченко үздік шабуылдаушы деп танылды. Ол турнир кезінде 38 рет қақпаға доп енгізді. Қазақ-түрік лицецінің оқушысы Ернұр Тұрсынов  «Үздік қорғаушы» құрметті атағына ие болды. Ол өзінің шеберлігін енді Босфор жағалауында жетілдіретін болады. № 54 орта мектеп оқушысы Руслан Төленов турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды.

Жеңімпаз команданың жаттықтырушысы, №48 мектеп-лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  Батырхан Алпысбаев өзінің шәкірттерін мақтаныш тұтып, жарысты ұйымдастырушыларға алғыс сезімін білдірді.  

 Батырхан Алпысбаевтың айтуынша, турнирдің басындағы балалардың ойын деңгейінде алаңда көрсеткен ойындарынан айтарлықтай айырмашылығы болған. «Балалар өздерін жинақы ұстап, ойынның қарқынын да, деңгейін де арттырды. Бұл өте маңызды еді. Соңғы ойынға дейін мен өз балаларымның чемпион болатынына сенгім келді. Басқа кім болады? деген ой үнемі санамнан шықпады», - дейді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Балаларды «Астана-1964» командасының ойыншылары мектеп маусымының аяқталуымен құттықтап, негізгі кезеңінің барлық 20 командасына футбол доптарын сыйға тартты. Жас ойыншылар осы сыйлыққа мәз болды. 

Еске салайық, Мектеп Лигасы биылғы жылы 10 қаңтарда басталды. Бірінші айналымға қаланың 48 мектебінен команда қатысты. Олар барлығы - 576 жас футболшылар. Барлық команда он кіші топқа бөлініп, өзара ойын өрнектерін көрсетті. Әр кезеңде екі үздік команда турнирдің негізгі командасына еніп отырды. Биылғы жылы Лига 1998-1999 жылдары туған жасөспірім футболшыларды біріктірді. Өткен жылы № 28 орта мектеп командасы жеңімпаз атанып еді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109