645

Астана спортшылары тау велосипеді жарысында үздік шықты

Маунтинбайкден Талдықорған қаласында өткен ІІІ жастар ойынында елордалық велосипедшілер командасы жалпы командалық бірінші орынды иеленді.

Маунтинбайкден Талдықорған қаласында өткен ІІІ жастар ойынында елордалық велосипедшілер командасы жалпы командалық бірінші орынды иеленді. Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене дәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті. 

«Турнирдің қорытындысы бойынша астаналықтар екі алтын, күміс және қола медальдің иесі атанды. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан – барлығы тоғыз команда қатысты», - делінген хабарламада.

Елордалық №6 ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі  Сұлтан Ниязов бірден екі санат бойынша: кросс-кантри элиминатор (басып озу жарысы) және кросс-кантри критериумда бірінші орынға шықты. Тағы бір жүлделі орынды елордалық №6 ОРМБЖСМ  тәрбиеленушісі  Владислав Филипович алды. Оған бұл жарыста қола медаль бұйырды. 

Кросс-кантри олимпик жарысында екінші орын тағы да астаналық велошабандоз  Сұлтан Ниязовтың еншісінде.

Ұпай саны бойынша Астана командасы (169 ұпай) бірінші орынға көтерілді. Бұл спортшылар үшін де, жаттықтырушылар үшін де үлкен жетістік  деп санайды басқармадан. Екінші орынға 15 ұпай кейін қалған Алматы облысы табан тіресе, үшінші орын 78 ұпаймен Солтүстік Қазақстан облысының еншісіне тиді.

Енді спортшылардың алдында тағы да бір маңызды бәсеке тұр. Атап айтқанда, 23-інен 28 мамырға дейін «Сарыарқа» велотрегінде Жастар ойыны аясында тректегі  веложарыс өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109