706

Астанада «Локомотив» ХК жас хоккейшілерін еске алу Кубогы тапсырылды

Астанада 2012 жылдың желтоқсан айында көлік апатынан көз жұмған «Локомотив» ХК жас хоккейшілері Тимур Ахметов пен Әлішер Оразғалиевты еске алуға арналған ауыспалы Кубокты тапсыру салтанаты өтті.

Астанада 2012 жылдың желтоқсан айында көлік апатынан көз жұмған «Локомотив» ХК жас хоккейшілері  Тимур Ахметов пен  Әлішер Оразғалиевты еске алуға арналған ауыспалы Кубокты тапсыру салтанаты өтті. Бұл туралы қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мәлім етті. 

«Кубок жеңімпазы болып   Қарағанды қаласының «Юность» ХК 2000 жылы туған жасөспірімдері  танылды. Екінші орын -  «Астана» командасында. Үшінші орынды Өскеменнің  «Торпедо» клубы иеленді», - деп хабарлайды Басқармадан.

Биылғы жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары 2012 жылдың желтоқсан айында көлік апатынан көз жұмған «Локомотив» ХК жас хоккейшілері  Тимур Ахметов пен Әлішер Оразғалиевты еске алуға арналған ауыспалы Кубокты бірінші рет алып тұр. Кубок марқұм болған балалар ойнаған «Локомотив» хоккей клубының ата-аналарының жалпы жиналысы шешімімен қабылданған. Кубок «Еске ал, өмір сүр, жеңіске жет!» жазуы жазылып, арнайы әзірленген. Әрі 12 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен балаларға беріледі. Чемпионат Кубогын бұл жолы көз жұмған хоккейшілердің ата-аналары тапсырды.  

 «Жарыстың қорытынды үшінші туры Астанада 18-і мен 24 сәуір аралығында өтіп, жеңіс мұз айдын иелеріне бұйырды. Алты кездесуде астаналықтар тек бір рет қазіргі чемпион, өздерінің тұрақты қарсыластары қарағандылықтарға 3:4 есебімен есе жіберді. Қарағандылықтар үшінші турда төртінші орынға тұрақтап, қола медаль иесі өскемендіктерді  (2:4) «Горняк» хоккей клубынан рудныйліктерді (2:5)  есебімен тізе бүктірді», - деп хабарлайды ведомстводан.

 Барлығы чемптонатқа жеті команда қатысты. Олар: елордалық «Астана» және «Астана-2»,  «Арыстан» (Теміртау қ.), «Торпедо» (Өскемен қ), «Юность» (Қарағанды қ), «Горняк» (Рудный қ) және  «Локомотив» (Семей қ) командалары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109