789

Астанаға мәнерлеп сырғанау жұлдыздары келеді

Елорада 25 мамырда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бастамашы болған «Денис Тен және оның достары» бірігей мұз айдыны шоуы өтеді. Шоу Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен «Алау» мұз айдыны сарайында жүреді.

Елорада 25 мамырда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бастамашы болған «Денис Тен және оның достары» бірегей мұз айдыны шоуы өтеді.  Шоу Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен «Алау» мұз айдыны сарайында жүреді, - деп хабарлайды мұз айдыны сарайынан.

«Бұл шоуға мәнерлеп сырғанауды құрметтеушілер үшін әлемдік дәрежедегі үздік мәнерлеп сырғанаушылар шақырылған. Оның ішінде қазіргі жұлдыздар да бар», - дейді Денис Тен. Жобаға өзінің қатысатындығын қазірдің өзінде әлемдік жұлдыздар: Стефан Ламбьель, Брайан Жубер, Ирина Слуцкая, Каролина Костнер растады.

Елімізге мәнерлеп сырғанушы әлем жұлдыздарын шақыру Денис Теннің көптен бергі арманы болатын. Әлем чемпионатындағы керемет өнер көрсетуі осы арманын жүзеге асыруды ақиқатқа айналдырды.  

«Бұл біздің еліміз үшін сыйлық болады, - дейді Денис Тен. – Шоудың мақсаты – адамдарды мәнерлеп сырғанауға тарту. Таяу болашақта біздің елімізден де жаңа жұлдыздар шығып жатса, мемлекеттің мәртебесі емес пе?» - дейді ол

«Көрермендер мәнерлеп сырғанаушылардың бағдарламасынан классикалық туындылар мен қатар, жоба үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен арнайы әзірленген жеке нөмірлерді де көре алады. Жобаның жекелеген бөлімінде – мәнерлеп сырғанаушылардың мұз үстіндегі экстрим орындаулары көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109