722

Жүзуден Қазақстан чемпионатында Астана командасы І орын алды

Астанада 27 сәуірде 1997 жылғы туғандар және одан да кіші жасөспірімдер арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс 25 сәуірде басталып, оған еліміздің 13 аймағынан үш жүзден астам спортшы қатысты.

Астанада 27 сәуірде 1997 жылғы туғандар және одан да кіші жасөспірімдер арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс 25 сәуірде басталып, оған еліміздің 13 аймағынан үш жүзден астам спортшы қатысты. Бұл туралы қалалық Туризм дене тәрбиесі және спорт басқармасы мәлім етті. 

Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша, бірінші орынды командалық бәсекеде 13 алтын медаль алып, Астана командасы иеленді. Екінші орын – Қарағанды облысы командасының, үшінші орын – Жамбыл облысы командасының қанжығасына бұйырды.

«Турнирдің үздік спортшылары деп әр қайсысы бес алтын медальден алған елордалық жүзгіш Риат Жұмағұлов пен алматылық Ирина Архипова танылды»,- деп атап көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарыстың екінші күні бәсеке жүзудің алты түрінен өтті. Алынған медальдер саны бойынша Астана мен Алматы командалары көш бастады. 

Чемпионаттың соңғы күні бәсеке жүзудің жеті түрінен өтті. 50 метрге шалқалай жүзуден бірінші орынды алматылық (37,54) Александр Шатских пен теміртаулық Сергей Кучаба (31,07) иеленді.

100 метрге еркін стильде жүзуден үздік тағы да Ирина Архипова (1.02,04) мен Риат Жұмағұлов (55,88) болды. Екеуі де  – Алматы мен Астанадан. Баттерфльмен 200 метрге жүзуден астаналық Дарья Малыхина (2.47,86) мен Ақтөбеден келген Астам Бағандықов (2.15,53) ұтып шықты.

Еркін стильде алыс қашықтыққа жүзуден Астана мен Қарағанды өкілдері жеңіске жетті. 4х100 метр эстафетада қыздар арасындағы аралас стильде Астана командасы ұтып шықса, жастар арасында Жамбыл облысының командасы жеңіс тұғырына көтерілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109