706

Суда ескек есуден Астана командасы ҚР Кубогы үшін жарыста екінші орын алды

Алматыда Қазақстан Республикасы Кубогының аясында суда ескек есу мен каноэден жарыс өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша, ресми емес командалық есепте Астана командасы екінші орынға шықты.

Алматыда Қазақстан Республикасы Кубогының аясында суда ескек есу мен каноэден жарыс өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша, ресми емес командалық есепте Астана командасы екінші орынға шықты, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан. 

Жарысқа еліміздің тоғыз аймағынан өкілдер қатысты. 200 метр қашықтыққа жеке ескек есуден тәжірибелі спортшы Алексей Дергунов (БҚО) жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол 500 метр қашықтықта да алдына жан салмай мәреге бірінші келді. Екініші орын 500 метр қашықтықта К-1 Александр Емельяновтың (ОҚО) еншісіне тиді. Одан бар-жоғы үш секунд кейінге қалған 19 жасар астаналық мектеп өкілі Дәулет Сұлтанбеков үшінші орынға шықты. 1000 метр қашықтықта «үштік» орындарын ауыстырды. Бірінші орын - Александр Емельяновтың, екінші орын оның командалас жолдасы, Юрий Березинцевтың, ал «қола»  тағы да Дәулет Сұлтанбековтың еншісінде. 

 «Қыздар арасында К-1 200 метр қашықтықта елордалық спорт мектебінің түлегі Инна Клинова жеңімпаз атанды. Астаналық 17 жасар Зоя Ананченко 500 және 3000 метрде екінші нәтиже көрсетіп, 1000 метрде үшінші орынға шықты. 1000  3000 метр қашықтықта  «күміс» астаналық Кристина Абсинскаяның қанжығасына байланды», - делінген хабарламада.

Ескек есудегі Алексей Дергунов-Евгений Алексеев дуэті үш ара қашықтықта - 200, 500 және 1000 метр бірінші келді. Жұп-каноэда 200, 500 және 1000 метр ағайынды Тимофей мен Михаил Емельяновтардың бағы жанды. Әйелдер жұбы Зоя Ананченко мен Татьяна Канивец жұптасып жарысуда үш арақашықтықта да үздік шықты. 500 және 1000 метрдегі екінші орын  дуэт - Кристина Абсинская-Евгения Лямкинаның үлесіне тиді.

Қорыта айтқанда, ҚР Кубогы үшін жарыста Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы сөзсіз үздік деп танылды. Ресми емес командалық есепте екінші орында Астана командасы, үшінші орында Батыс Қазақстан облысының құрама командасы тұр.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109