1163

Елордалық спортшылар Ұлы Отан соғысының ардагеріне барды

Жеңіс күні қарсаңында елордалық «Астана» регби клубы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері - Владимир Макарович Хоменейге келді. Бұл туралы қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мәлім етті.

Жеңіс күні қарсаңында елордалық «Астана» регби клубы  Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері - Владимир Макарович Хоменейге келді. Бұл туралы қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мәлім етті. 

Владимир Макарович Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылында тұрады. Оның бүкіл саналы ғұмыры қажымай, талмай еткен ауыр еңбекпен өрілген. Еңбек жолын 12 жасында Орман шаруашылығында бастаған ол 1941 жылы соғыс басталғанда бірден партизандар отрядына тап болды.  Өз жерлестерімен бірге Фрунзе және Ленин атындағы отрядтарда соғысты. Бірнеше рет жаудың қару-жарақ тиеген эшелондарын жоюға қатысты. 1944 жылдан бастап жеңіс күнін қарсы алғанша бірінші Украин майданында атқыштар дивизиясында кіші сержант шенінде болды. Владимир Макарович Украинаны Беларуссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін ол Кореяны жапондардан азат етуге жіберілді. 

Осыдан кейін ол соғыста қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысты. 1950 жылы Владимир Макарович Ворошилов, Уссурийска қалаларында Отан алдындағ борышыны аяқтап, елге оралды. Отанына оралған соң ол Беларуссияның Лунецк стансасында паравоз депосында жұмыс істеді. Училищені бітіргеннен кейін аудандық партия комитетінің жолдамасымен Владимир Макарович тың көтеруге Қазақстанға келді. Ол мұнда зейнет демалысына шыққанша механизатор болып еңбек етті. 

Отан алдындағы оның еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше рет ордендер мен медальдермен марапатталды. Қазір оның кеудесінде Украинаны, Корея мен Беларуссияны азат еткені үшін медальдар мен Даңқ ордені, Тың игергені медалі жарқырайды. Ол грамоталары мен дипломдарын, оның ішінде ҚР Президенті мен Украина, Беларус Республикасының мемлекет басшылары тапсырған Алғыс хаттарын көздің қарашығындай сақтайды. 

Жасы ұлғайғанына қарамастан  Владимир Макарович қол қусырып қарап отырмайды. Ол ауыл мен аудан ардагерлер ұйымының қызметіне белсене араласады.

Владимир Макарович спортшыларға қазіргі жастардың қандай болуы керектігі жөнінде өзінің аталық сөздерін айтты. Балалар бұл кездесудің алдағы уақытта одан әрі әлі талай жалғасатынын жеткізді. 

«Бұл кездесу Владимир Макарович пен оның миллиондаған замандастарының ерліктерін қастерлеп, әрқашан есте сақтап жүру үшін жас спортшыларға өнеге іспетті болмақ!», - деп санайды Басқармадан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109