1225

Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы шағын футбол өтуде

2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласы тұрғындарының тыныштығын бұзып, елді дүр сілкіндірген лаңкестік оқиғасы орын алған еді.

2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласы тұрғындарының тыныштығын бұзып, елді дүр сілкіндірген лаңкестік оқиғасы  орын алған еді. Сол зұлматтың салдарынан 7 адам бақилық болды. Оның ішінде құқық қорғау органының 5 қызметкері мен 2 қала тұрғыны бар. Сол кезде  бейбіт халыққа лаңкестік салған жанкештіні  өз өмірінің құнымен тоқтатқан Ғазиз Байтасов болатын.

Астанада ер есімін ел есінде қалдыру мақсатында қаһарман-полицей Ғазиз Байтасов атында  шағын футболдан жарыс Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында өткізілуде. Оған Әкімшілік полиция комитетінің Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, (Астана қаласы) Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қатысты.

«Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда, ел қауіпсіздігін күзетуде қызмет етіп жүргеннен кейін спортпен шынығу міндетіміз. Оның үстіне, елге қорған бола білген азаматтарды үлгі етіп, аттарын ұмыттырмау үшін шағын футболдан жарыс өткізудеміз. .Жарысқа  4 команда қатысып жатыр. Мұндай іс-шаралар азаматтық рухты көтеріп, кейінгі ұрпақтың білекті де жүректі болып өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елдос Өтегенов.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасының Жарлығымен Жамбыл облыстық ІІД Жол полициясы жеке батальонының 1-ші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа Халық Қаһарманы  атағы берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109