1151

Елордалық шахматшы қыз әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды

Астаналық тоғызжасар қыз Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Астаналық тоғызжасар қыз  Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылы чемпионат грек шығанағындағы Халкидиде өтті. «Қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін» иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионатында үш рет үздік шықты», - делінген хабарламада.

Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.С. Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді.

«Бибісараның бұл алғашқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен. Өте еңбексүйгіш, жалықпай-талмай жаттығуының арқасында осындай биік мәртебеге ие болып жүр», - дейді ол.

Бибісара Асаубаеваның алтынынан басқа қазақстандық мектеп оқушылары медальдер мен марапаттарға ие болды. 

«Өзінің әлем чемпионатындағы дебюттік өнер көрсетуінде Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын «қолаға» қол жеткізді», - деп мәлімдеді Басқарманың баспасөз қызметі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109