964

Елордалық жас велошабандоз ҚР Чемпионатында алтын алды

Астанада «Сарыарқа» велотрегінде төрт күндік топтық веложарыс өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 60-тан астам спортшы қатысты.

Астанада «Сарыарқа» велотрегінде төрт күндік топтық веложарыс өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 60-тан астам спортшы қатысты, - деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Елордалық велошабандоздар жарыста барынша жақсы нәтижелер көрсетті. Төрт күннің қорытындысы бойынша бірінші орын жастар арасында 42 ұпай жинаған елордалық  №6 ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі  Никита Клевановқа, екінші орын 33 ұпай жинаған Жамбыл облысынан Магомед Мамедовке, «қола» Алматы облысының өкілі - Владислав Николаенкоға бұйырды, - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

«Жасөспірімдер арасында бірінші орынды - 34 ұпаймен Владимир Цой (Алматы облысы), екінші орынды - 31 ұпаймен - Асылхан Тұрар (Қызылорда обл.) иеленді.  Ал үшінші орын 30 ұпай жинаған (Батыс Қазақстан обл.)  -  Ғаділбек Ғадылгереевтің үлесіне тиді. Астаналық спортшылар арасында 7 орынға табан тіреп,  Вадим Онищук жақсы нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметі бойынша, жасөспірімдер арасында 44 ұпай алған Алматы облысының өкілі Екатерина Юрайтис үздік танылды. Екінші орынға оның командалас серіктесі Надежда Генелева, үшінші орынға қостанайлық - Венера Мырзалина табан тіреді. 

Қыздар арасында бірінші орынға 44 ұпаймен Павлодар облысынан Рината Ахметчина; 2 орынға 38 ұпаймен Алматы облысынан - Жанұя Сейітова; үшінші орынға 35 ұпаймен  тағы да алматылық Светлана Рябова шықты. 

Спорт басқармасынан мәлім еткеніндей, бұл өткізілген чемпионат – 23 мамырда «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде басталатын Жастар ойындары алдындағы негізгі күшті байқау болып табылады. Осы жарыста елордалық №6 ОРМБЖСМ-нен 18 спортшы өнер көрсетпек.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109