1013

Астаналық шахматшылардың жеңісі қуантады

Грекияда өткен оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Мамыр айының 6-сы мен 15 аралығында өткен додада қазақстандық шахматшылар да бақ сынап қайтты.

Грекияда өткен оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Мамыр айының 6-сы мен 15 аралығында өткен додада қазақстандық шахматшылар да бақ сынап қайтты.  Ұлттық команда жалпыкомандалық есепте Ресейден кейінгі 2-орынға тұрақтаған. Ал, жүлделі 3, 4-орын Түркия мен Әзербайжанға бұйырды.

Петр Костенко,шахматтан ҚР Балалар мен жасөспірімдер құрама командасының бас жаттықтырушысы:

Біз бұл жетістікке жас спортшыларымыздың арқасында қол жеткізіп отырмыз. 7 спортшымыз үздік ондыққа ілінсе, қалған екеуі 4-орынды қанағат тұтты. Жарыс 7, 9, 11, 13, 15, 17 жас арасындағы мектеп оқушылары арасында өтті. 9 турдан тұрған жарыс 8 күн бойы жүргізілді. Бар қиындыққа қарамастан біз үздік ойын көрсете алдық.

Ойыншылардың ауыз толтырып айтар жетістігі бұл ғана емес. «9 жас» санатында жалпы саны 40 шахматшы қыз қатысқан өзара сайыста жерлесіміз Бибісара Асаубаева мүмкін болған 9 ұпайдың 8,5-ін жинап, алтыннан алқа тақты. Бұл оқушылар арасындағы әлемдік чемпионатта Бибісараның төртінші жеңісі. Айта кетейік, шахматшылар арасында халықаралық шахматтық форумға алғаш қатысып отырған Әмина Қайырбекова күміс жүлде, 15-жастан жоғары жастағы оқушылар арасындағы сайыста Жанат Сайын қола жүлдені иеленді.

Бибісара Асаубаева, Оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының алтын жүлде иегері:

Мұндай жетістікке жеткеніме өте қуаныштымын. Өте мықты қарсыластар болды. Алайда, дайындығымның арқасында, жеңіске деген сенімнің арқасында мен озық шықтым. Болашақта шахматтан әлем чемпионы болғым келеді.

Жалпы, жарысқа әлемнің 41 елінен 1000-ға жуық шахматшы қатысқан. Оның ішінде 52 спортшы Қазақстанның әр өңірінен жиналған.Енді жеңіспен оралған балалар жазда Иранда өтетін Азия чемпионаты мен 16 жасқа дейінгі балалар арасында Қытайда өтетін олимпиадаға дайындалуда. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109