965

Елордада Астана қаласы ІІД бастығының кубогына Ашық республикалық турнир өтті

«Динамо» спорт кешенінде каратэ-до кекушинкайдан Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының Кубогы үшін Ашық республикалық турнир өтті.

Елордадағы «Динамо» спорт кешенінде каратэ-до кекушинкайдан балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында  Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының Кубогы үшін Ашық республикалық турнир өтті. Бұл туралы astana.kz  сайтына қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті

«Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге, шылымқорлыққа, алкоголизмге қарсы күресті, каратэ-до кекушинкай спортын кеңінен таныту мен дамытуды насихаттап, балалар мен жастарды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға тарту болып табылады»,- делінген хабарламада.

Жарысқа 4 пен 17 жас аралығындағы 300 жас спортшы қатысты. Барлық тәрбиеленушілер қаланың «Сұңкар», Б.Момышұлы атындағы, «Жеңіс», «Кәусар», «Заречный», «Есіл» аула клубтары және №12, №55, №65, №8 орта мектептері мен №4 қазақ гимназиясынан келді.

 Бұл дүбірлі додада  бәсекелестер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Командалық есепте 1-орын, яғни, Астана қаласының Ішкі істер департаменті бастығының Кубогы «Жеңіс» аула клубына берілді. 2-орынды  «Сұңқар» аула клубы иеленсе, 3-орынды елордалық  №4-ші орта мектеп місе тұтты. Турнир жеңімпаздары салтанатты түрде  медальдар мен жүлделерге ие болды.

 Аталған спорттық іс-шара «Динамо» дене шынықтыру мен бұқаралық спорт клубының, астаналық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының және Каратэ федерациясының астаналық филиалының  қолдауымен өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109