1219

Қала күні қарсаңында Астанада жаппай веложарыс өтеді

Біздің қаламызда жақсы спорттық дәстүр қалыптасты. Көп жыл қатарынан қалада халықаралық көпкүндік жастардың «Жас тыңгер» веложарысы өткізіліп келеді.

Елордада велоспорт спорттың ең көрнекті түрі ретінде бай дәстүрге ие. «Астана» кәсіби велокомандасы бүгінгі күні тек бас қала үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша бірінші және табысты спорт брендісі болып табылады.  «Астана» велошабандоздарының  әлемдік жарыстарда сәтті өнер көрсетулері үздік команда ретіндегі олардың мәртебесін арттырды.

Біздің қаламызда жақсы спорттық дәстүр қалыптасты. Көп жыл қатарынан қалада халықаралық көпкүндік жастардың «Жас тыңгер» веложарысы өткізіліп келеді. Ол биылғы жылы 25-шы рет ұйымдастырылып отыр. 2008 жылдан бері аталған жарыс велоспорттан Астана Кубогы үшін Қала күні қарсаңында өткізіліп, жаңа мүмкіндіктер алды. 

Биылғы жылы жаппай веложарыс 5 шілдеде 12 сағатта «Астана-Бәйтерек» монументі жанында басталмақ. Веложарыс екі бөлімде: кәсіби спортшылар арасында және қала тұрғындары мен қонақтарынан әуесқойлар арасында өткізіледі. 

 «Веложарыс Ақмешіт көшесінен басталып, одан әрі Қонаев көшесіне бұрылады, содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің  қысқа көшесіне бұрылады.  Одан әрі Достық көшесіне бұрылып, «Нұр Астана» мешітінің жанынан өтеді. Соңы Ақмешіт көшесінде аяқталады»,- деп түсіндірді Қала күні іс-шараларын өткізу жөніндегі штабтың ұйымдастырушылары. 

Жарыс аясында дәстүрлі түрде веложарыстың көрермендері мен қонақтары арасында бағалы сыйлықтар ұтысы ойнатылады. Қазақстан Республикасының велоспорт Федерациясы өзінің басты жүлдесін велосепед және «Астана» командасының көшбасшыларының қолтаңбалары бар футболка етіп белгіледі.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109