1113

Астана құрамасы велоспорттан күміс алды

Астанада 23-нен 28 мамырға дейін «Сарыарқа» республикалық велотрегіндегі жастар ойыны аясында тректегі жарыс өтті.

Астанада 23-нен 28 мамырға дейін «Сарыарқа» республикалық велотрегіндегі жастар ойыны аясында тректегі жарыс өтті. Қазақстан астанасындағы ойын бәсекесіне Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл,Қарағанды, Алматы,Павлодар,Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан – барлғы 13 команда қатысты.

Елорда құрамасында 18 спортшы болды, - деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. 

Бес жарыс күнінің қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 6 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді қоржындарына салды. Командалық есепте Астана командасы 677 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Бірінші орында 796 ұпай жинаған Қарағанды облысы болса, жалпы командалық үшінші орын 529 ұпайды иеленген Алматы облысының өкілдеріне бұйырды.

Жастардың бұл ойынына Астана қаласының құрамасын велоспорт бойынша ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Владимир Березин дайындаған болатын. Ол өзінің шәкірттерінің жетістіктеріне дән риза,- деп атап көрсетеді ведомствоның баспасөз қызметі. Енді астаналықтар 2013 жылдың17-23 маусымы аралығында  Талдықорған қаласында өтетін жастардың тас жолдағы ойынына қатысуды жоспарлауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109