1512

Астананың жас футболшылары Түркияға аттанды

Астана қаласы әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан Мектеп лигасының екінші кезеңінің жеңімпаздары екі аптаға Түркияның оқу-жаттығу орталығына аттанды.

Астана қаласы әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан Мектеп лигасының екінші кезеңінің жеңімпаздары екі аптаға Түркияның оқу-жаттығу орталығына аттанды, - деп хабарлайды Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Бірінші орынды жеңіп алу үшін №48 мектеп лицейі футбол командасының жас ойыншылары 10 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан үш жарысқа қатысып, 47 командадан басым түскендіктен, көшбасшылықты иеленді. 

Анталияға турнирде жеңіске жеткен команданың 9 мүшесі мен бүкіл жарыс барысында үздік ойын көрсеткен үш жас футболшы жіберілді. 

«Бұлар  - Лигада  № 28 мектеп өкілі, үздік шабылдаушы  Петр Марченко, Қазақ-түрік лицейінің оқушысы, үздік қорғаушы Ернұр Тұрсынов, және №54 ОМ оқушысы үздік қақпашы Руслан Төлегенов. Делегацияны жеңімпаз команда жаттықтырушысы, №48 МЛ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Батырхан Алпысбаев бастап барады»,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Каникулға қарамастан, команда шетелге аттанды. Бірақ олар тек мектеп намысын қорғаумен қоса, тәжірибе жинау үшін де бара жатыр. 

«Біз демалу үшін бара жатқан жоқпыз, - дейді команда жаттықтырушысы Батырхан Алпысбаев. – Біз басқа командалармен бес-алты кездесу өткіземіз. Міне, осы кездесулерде жас футболшылар сәтті ойын өрнегін көрсетумен қатар, өздеріне мол тәжірибе жинаса екен деймін. Команданың барлық мүшелері  атынан Астана қаласының әкіміне біздерге осындай үлкен мүмкіндік беріп, балалар спортына жіті көңіл бөлгені үшін тағы да бір алғыс айтқым келеді».

Еске салайық, Астана қаласы әкімінің жүлдесі үшін футболдан Мектеп лигасы екінші жыл өткізілуде. Бұл жолы жарыс 1998-1999 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Бірінші айналымға қаланың 48 мектебінің командасы қатысты. Олар барлығы – 576 жас футболшы. Айту керек, өткен жылы №28 мектеп командасы жарыс жеңімпазы болып танылған болатын.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109