1561

Астанада әлемнің 10 елінің гимнасшы қыздары үздік атану үшін бақ сынады

Астанада өткен демалыста 10 мемлекет пен Қазақстанның 12 қаласынан келген екі жүзден астам жасөспірім гимнасшы қыз өзара қарсыластарымен спорттың осы бір көркем түрінен бақ сынасты

Астанада өткен демалыста 10 мемлекет пен Қазақстанның 12 қаласынан келген екі жүзден астам жасөспірім  гимнасшы қыз өзара қарсыластарымен спорттың осы бір көркем түрінен бақ сынасты, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан. 

Көркем гимнастикадан Астана қаласы әкімінің жүлдесі үшін «Кубок Жұлдыз»-2013 ІІ Халықаралық турнирі 31 мамыр және 1 маусымда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтіп, Халықаралық Балаларды қорғау күніне орайластырылған нағыз мерекеге айналды. Жарыстан бөлек ұйымдастырушылар көркем гимнастика мектебінің ең кішкентай мүшелері үшін турнирдің ашылуы мен жабылуында қызғылықты бағдарлама дайындаған. Бұл күні қатысушылардың қай-қайсы да сыйлықсыз қалған жоқ.  

Алайда, жеңімпаздар бәрібір анықталды. Биылғы жылы «Кубок Жұлдыз»-2013 Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы әкімінің жүлдесі үшін өткізілді.   

Жарыстың ең үлкен қатысушысы 14-15 жаста. Жас ерекшелігі бойынша, 1998 жылы туғандар арасында бірінші орынды бірден екі жасөспірім иеленді. Олар омбы көркем гинастика мектебінің оқушылары Астанадан Селина Жұматаева мен Вера Бирюкова бірдей – 61,050 балл жинады. Екінші орында - Сингапурдан келген қонақ Тонг Кан Мун болса, үшінші орында - Грузиядан келген Тамара Гобаладзе.

1999 жылы туғандар арасында бірінші орынды израидық Наоми Маламудтан  бес балл артық алып, қазақстандық, Қарағанды қаласының спортшысы – Лиза Майновская иеленді. Үшінші орын омбылық (РФ) Виктория Александрованың қанжығасына байланды.

 2001 жылы туғандар арасында беларустың спортшы қызы Юлия Исаченко топ жарса, елордалық гинасшы қыз Азалия Бейбітова екінші орынға табан тіреді. 

 2003 жылы туған жасөспірімдерден Ресейден келген (Екатеринбург) Анжелина Смирнова 24,900 балл жинап, үздік атанды.  Грузиялық Нита Ломидзе  мен алматылық  Зарина Рафгатова екінші және үшінші орын алып, тиісінше, жүлделі орындарға табан тіреді.  

 2004 жылы туғандар бағдарламаны бір жаттығумен ғана көрсетті.  Бұл жерде жүлдегерлер қатарында Анастасия Симакова (Омбы), Астанадан Айбота Ертайқызы мен өзбекстандық Тахмина Икромова болды.  Сабина Бактова жарыстың қола жүлдегері атанды.

 Затсыз өнер көрсеткен  2005 жылы  дүниеге келген қыздар арасында өз бағдарламасын басқалардан үздік көрсеткен астаналық Каролина болды. Екінші орында – Полина Нухаева (Красноярск, РФ) және үшінші орынға – Әзірбайжаннан келген Рагимаханум Асланлы шықты.

Турнирдің ең кішкентай қатысушылары – 2006 жылы туғандар затсыз өнер көрсетті. Олардың арасында Аружан Қасеноваға (Астана) тең келетін ешкім болмады. Одан қырғыз қызы  Зулайка Карымшакова сәл кейін қалып, екінші орын алды. Ал үшінші орынға астаналық  Алина Антипова тұрақтады.

Сөз жоқ, Жұлдыз Кубогы біз жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі спорттық іс-шараға айналатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109