843

«Giro d’Italia» триумфаторлары елордада

Ертең «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңда велосипедшілердің жарысы басталады. Олардыңқатарында «Giro d’Italia» триумфаторлары.

Ертең «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңда велосипедшілердің жарысы басталады. Олардыңқатарында  «Giro d’Italia» триумфаторлары - «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров пен капитан Винченцо Нибали бар,- деп хабарлайды Дене шынықтыру және спорт туризмі басқармасының баспасөз қызметі. 

Жақында ғана елге оралған велогонкашылар республикалық «Сарыарқа» велотрегінде баспасөз конференциясын өткізіп те үлгерді.

 Италяндық Винченцо Нибали сөз басында велокомандаға қолдау көрсетіп жүрген қазақстандық  жанкүйерлерге шексіз алғысын білдірді.

«Жеңіс ұғымының мен үшін мәні мен маңызы бөлек, бұл сөз арманның орындалғандығын білдіреді!»,- деп ағынан жарылды Нибали.

«Астана» велокомандасы маған үлкен сенім артуда. Осы үшін алғысымды білдіремін. Мен осы уақытқа дейін алдыңғы қатардан көріндім, алайда, осы жолғы «Джиродағы» жеңісімнің мен үшін орны ерек. Болашақта командамен бірге бірнеше белесті бағындырарымыз сөзсіз»,- деп атап өтті Винченцо Нибали.

Баспасөз конференциясы барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ- ның басқарушы директоры Дархан Қалетаев  6 маусымнан бастап Винченцо Нибалимен келісім шарттың 2016 жылға дейін ұзарғандығын мәлімдеді. «Біздің ойымызда өзге де нұсқалар болды. Дегенмен, біз Винченцо Нибалиді шақыртуды жөн санадық. Ол өз ісінің шебері екендігін дәлелдеді».- деп атап өтті Д.Калетаев.

Сонымен қатар, Дархан Калетаевтың айтуы бойынша жаңа шартта «Келісілген уақыт  аралығында Винченцо қазақстандық велосипедшілердің арасынан өзі сияқты бәсекеге қабілетті спортшы дайындап шығаруы тиіс» деген пункт бар екендігін атап өтті. Италияндық Нибали мұндай зор жауапкершіліктен жасқанбайды да. Ол алдына қойған мақсатқа жету жолында тынымсыз еңбек етуге даяр. Винченцо Нибали Гранд-Тур шыңын бағындырды. Енді ол «Вуэльта» көпкүндігінде бақ сынауға әзірлігін жеткізді. Сондай-ақ, оның басты мақсаты- «Тур де Франс-2014».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109