996

Баскетболдан әуесқойлар чемпионатында ТЖМ командасы жеңіске жетті

Елордада баскетболдан әуесқойлар арасындағы ашық чемпионат өз мәресіне жетті. Астаналықтар үшін дәстүрге айналған спорттық сайыс «Сарыарқа» велотрегінде өтті.

Елордада баскетболдан әуесқойлар арасындағы ашық чемпионат өз мәресіне жетті. Астаналықтар үшін дәстүрге айналған спорттық сайыс «Сарыарқа»  велотрегінде өтті. Бұл туралы Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мәлім етті.

 Баскетбол бәсекесіне барлығы 10 команда атсалысты.  Олар: «Фристайл», «Истанбул донер», «Целиноград», «Медициналық Академия», «ҚазМұнайГаз», «Ағартушылар», ҚР ТЖ министрлігі,  №6 кәсіби лицей,  «Асар» оқушылар және студенттер құрама командасы және Елшілік командасы.

 Шешуші сайыстар 9 маусымда өтті.  «Фристайл»  мен «КПМ» командалары жүлделі үшінші орынға таласқа түсіп, сайыс қорытындысы бойынша 83:72 есебінде жеңіс «Фристайл»  командасына бұйырды. Ақтық мәреде «Асар» мен ТЖМ «Динамо»  командалары  әдемі ойын өрнегін көрсетті. Қорытынды есепте ҚР ТЖМ командасы өзге командалардан оқ бойы озық  шығып, жеңімпаз атанды. «Асар» оқушылар мен студенттер құрама командасы да өз кезегінде күміс  медальдармен марапатталды.

 Сайыстың жабылу салтанатына ҚР ТЖ министрі Владимир Божко, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов және «Астана» БК бас директоры Валерий Тихоненко қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

  Спорттық бәсеке барысында жеңімпаздармен қатар түрлі аталымдар бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Олар: «Үздік ойыншы»- Арсен Григорянц, «Финалдың үздік ойыншысы» - Ержан Нұрбаев, «Үздік шабуылдаушы» -Илья Көптелов.

 Чемпионатқа төрелік еткен Әлмира Аманжолова, Ольга Быбалко, Индира Әбілдаева, Дәулетбек Санихан, Вайдотас Шернюса да ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109