1073

ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан жарыс Астана күні қарсаңында өтеді

Астана күнін мерекелеу қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподормында 3-5 шілдеде ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында, 3-5 шілдеде елордалық «Қазанат» ипподромында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді.

Алда тұрған чемпионатқа Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз бен сайгүлік қатысады, - деп хабарлайды ҚР Ат спорты Федерациясына сілтеме жасай отырып, Астананың 15 жылдығын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа тобы. 

Үш күн бойы ҚР Президентінің Кубогы, Ұлт Кубогы, ENRC кубогы,  Maserati Кубогы,  Samsung Кубогы үшін командалық және жеке жарыстарда чемпиондық атаққа бақ сынасатын болады.

Ресейлік «үшжұлдызды» деңгейдегі курс-дизайнер Владимир Платов қатысушылар 120-дан 160 см-ға дейін биіктікті қателіксіз жүріп өтуі тиіс бағдар жасамақ. Олардың шеберліктерін халықаралық ат спортының беделді төрешілері: Марек Залески (Польша), Анна Скабард (Украина), КеоЧанг Янг (Корея), СарпартапСинх (Индия) бағалайтын болады.

Астана ипподромының жарыс алаңында Орталық Азияның көрнекті шабандоздарының арасында қызықты тартыс бәсекесі қызбақ. Оны классикалық ат спортының 3000-ға тарта жанкүйерлері тамашаламақ. Ипподромға кіру тегін.  

Мекен-жайы:  Рожденственка тас жолы көшесі,1 «Қазанат» ипподромы.

Сайыстар кестесі:

3 шілде 17.00 I Бағдар

«Еуразиялық Банк Кубогы» Халықаралық сайыс

«А» кестесі. Кедергі биіктігі 120 см.

Шабандоз үш жылқымен өнер көрсете алады

4 шілде 11.00 II Бағдар

Халықаралық сайыстар екі кезеңнен.

 «А» кестесі. Кедергі биіктігі 1 кезең- 120 см, 2 кезең- 130 см

Шабандоз үш жылқымен өнер көрсете алады.

4 шілде 16.00 III Бағдар

«Ұлт Кубогы» Халықаралық сайыс, «ENRC  Кубогы». Ресми командалық сайыстар.  Екі кезеңнен тұратын Халықаралық сайыст. «А» кестесі. Кедергі биіктігі135 см. Шабандоз екі жылқымен өнер көрсете алады.

5 шілде 11.00 IV Бағдар

«Ат спорты бойынша MaseratiCup Азия Федерациясы Президентінің Кубогы». «А» кестесі Кедергі биіктігі- 135 см. Шабандоз екі жылқымен өнер көрсете алады.

5 шілде 15.00 V Бағдар

FEIWorldCup «Бас Жүлде» Халықаралық сайысы. «ҚР Президентінің Кубогы»

Айып ұпайлары теңескен жағдайда бірінші орынға қарғудан жарыс өткізіледі.

Кедергілер биіктігі 140-160 см. Шабандоз екі жылқымен өнер көрсете алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109