821

Елордалық футболшылар Түркиядан тәжірибелерін молайтып қайтты

Бүгін, 12 маусымда елордалық Мектеп Лигасының футбол жеңімпаздары Түркияның футбол орталығындағы екі апталық жиыннан оралды.

  Бүгін, 12 маусымда елордалық Мектеп Лигасының футбол жеңімпаздары Түркияның футбол орталығындағы екі апталық жиыннан оралды. Анталияға сапар - биыл екінші жыл қатарынан жас футболшылардың  мектепаралық командалар арасындағы сайыста иеленетін бас жүлдесі болып келеді.  

 Биыл Мектеп Лигасы қаланың 48 мектебінен жиналған 1998-1999 жылдары дүниеге келген 576 оқушы арасында 10 қаңтар мен 19 сәуір аралығында өтті. Астана чемпионы және әкім жүлдесін иеленген Мектеп лигасының жеңімпазы - №48 орта мектеп болды. Сонымен қатар, Мектеп лигасының үздік ойыншылары - «Үздік шабуылшы», №28 ОМ оқушысы Петр Марченко, ҚТЛ-нен «Үздік қорғаушы» Ернұр Тұрсынов және № 54 мектеп оқушысы «үздік қақпашы»  Руслан Түленов Босфор жағалауына аттанды.

  Жеңімпаздар өздерінің жазғы демалыстарын екі күндік жаттығудан бастады. Алаңдағы жаттығулардан өзге, қалыпқа келтіретін тәртіп, жаттығу залындағы дайындықтар, жас футболшылар арасында теннис, су ішіндегі ойындардан сайыстар, сондай-ақ,  жергілікті командалармен жолдастық кездесулер өткізілді.

  «Бұл екі апта біз үшін пайдалы болды. Біздің күн сайын жаттығуымызға барлық жағдай жасалған, ойындар да жоғары деңгейде өтті,  қарсыластар да жаман емес. Балалар бір сатыға жоғарылады деп айтсақ, қателеспейміз. Өзге мемлекеттің командаларымен сайысқа түсу  оларға өте пайдалы болды, ойынның сапасы да өзгерді»,- дейді  №48 МЛ жеңімпаз командасының жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Батырхан Алпысбаев.

  Алда балалардың жазғы демалысы. Алайда,  тың күш жинаған жас футболшылары,  сенімді түрде жаттығуларына кіріседі, - деп санайды Басқармадан. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109