936

Астананың жас спортшылары «Фейеноорд»-тан футбол сабағын алады

Голландияның Астанадағы апталығы аясында дәстүрлі түрде мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді. Осы үрдіс елордада кейінгі жылдары шынында да жақсы дәстүрге айланып келеді.

Голландияның Астанадағы апталығы аясында дәстүрлі түрде мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді. Осы үрдіс елордада кейінгі жылдары шынында да жақсы дәстүрге айланып келеді. Биылғы жылы веложарыстан басқа Астананың жас футболшылары үшін «Фейеноорд» футбол клубының жаттықтырушылары  Роба Курверса, Джефри Ооста және Гидо Вайдераның қатысуымен шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Роттердама клубы «Аякс» және «ПСВ» клубымен қатар  Нидерландиядағы ең жетекші клубтардың бірі болып табылады. Биылғы жылы осы елдің Елшілігі елорда әкімдігімен және Астана қаласы Футбол федерациясымен бірлесіп, аталған клубтың мамандарының бас қаламызға келуін ұйымдастырды, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. 

Бұған алғашқы болып, балалар қуанды.  №8 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің үш жүзден астам жас тәрбиеленушілері «Автомобилист» Орталығының футбол алаңында өткізілген шеберлік дәрісіне қатысты. Ең кішкентай қатысушы жеті жаста болса, ең үлкендері 1997-1998 жылы туған жасөспірімдер.

14 маусым күні кеште қонақтарды «Астана» мен «Шахтер» командалары арасындағы ойынның Премьер Лигасына алып барды. Келесі күні жаттықтырушалар үшін  «Фейеноордегі футбол» атты «Астана-1964» ФК штабының мүшелері, №8 ОРМБЖСМ, Футбол орталығы, «Хан Тәңірі» клубы жаттықтырушылары қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. Голландиялықтар өздерінің жұмыстарын, өз клубтарын таныстырып, оларда жас жеткіншектер қалай тәрбиеленетіні, «Фейеноорд» академиясы туралы әңгімеледі. Соңында қазақстандық әріптестерінің сауалдарына жауап берді

 Роб Курверстің айтуынша, академияға түсу үшін жас футболшыға арнайы тест тапсырудың қажеті жоқ, біздегі сияқты керекті мәліметтері болса, жеткілікті. Қазіргі кезде футбол клубы жанында интернет жоқ. Сондықтан басқа елдердің балаларын оқыту мәселесі қиындық туғызып отыр. Бірақ теориялық жағынан алғанда қазақстандық балалар тәрбиеленуші ретінде бара алады. Ол үшін алдымен футболға шын берілген жан болуы керек. «Егер шақырып тұрсаңдар, біз сіздерге келіп тұрамыз» - деді голландиялықтар қоштасарда.

Екі күндік бағдарлама қазақстандықтар үшін де біздің қонақтар үшін де өте қарбаласты, қызықты болды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109