786

Астананың көкпаршылары ҚР чемпионатында қола жүлде алды

Астананың көкпаршылары Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, қола медальге ие болды, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

Астананың көкпаршылары Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, қола медальге ие болды, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. 

Ақмола облысының «Құлагер» ипподромында маусымның 7-17 аралығында ұлттық ат спорты бойынша ҚР чемпионаты өтті. Сынға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы командалары түсті.

Елорда командасы алаңда төрт ойынды өткізіп, қола жүлдеге ие болды. Алғашқы кездесуде астаналықтар Алматы командасын 8:3 есебімен ұтты.  Арслан Қабжанов қарсыласқа төрт ұпай салуымен ерекшеленді. Екінші ойында елордалықтар Қостанай командасын 14:1 есебімен ойсырата жеңді. Жеңіске ойыншылардың әрқайсысы өз үлесін қосты деуге де болады. Үш ұпайды командаға Абылайхан Мангелдинов әкелді.

 Солтүстік-Қазақстан облысымен  келесі кездесу де 13:4 есебімен Астана командасының пайдасына  шешілді. Қола жүлде үшін жартылай финалдық кездесуде біздің спортшылар 8:1 есебімен алаң иелерін ұтты. Екі-екі ұпайдан Арслан Қабжанов, Қазбек Амангелдинов және Дәулет Омбаев алып келді.

Бірінші орын Тараз командасына бұйырса, екінші орынға - Оңтүстік-Қазақстан командасы шықты. Осы жарыстан кейін қатысушылар бірден Астанада жиналған болатын. Елордада да көкпардан жарыс өткен еді. Ойыннан соң көрермендер дала ақындары - айтыскерлердің өнерлерін тамашалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109