959

Астанада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында алғаш рет чемпионат өтеді

Бүгін Астанада ауыр атлетикадан құрлықтық жарыс басталды. Азияның әйелдер арасындағы 25-ші ерлер арасындағы 44-ші чемпионатын Қазақстан астанасында тұңғыш рет өткізілуде.

Бүгін Астанада ауыр атлетикадан құрлықтық жарыс басталды. Азияның әйелдер арасындағы 25-ші ерлер арасындағы 44-ші чемпионатын Қазақстан астанасында тұңғыш рет өткізілуде. Мұнда Азияның ең мықты атлеттері жиналған, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан. 

Еске салайық, Азия чемпионаттары бұған дейін Алматы мен Талдықорған қалаларында өткен болатын. Қазіргі чемпионатқа 22 елдің спортшылары қатысуда. Олардың ішінде Қытай, Иран, КХДР, Корея Республикасы, Өзбекстан, тағы да басқа мемлекет өкілдері бар. 

Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметі бойынша, осы ауқымды спорттық іс-шарада Қазақстанның намысын - ерлер арасында Арли Чонтей (56 кг), Фархат Харки (62 кг), Әділбек Балхаев (69 кг), Кирилл Павлов (77 кг), Евгений Естафьев (85 кг), Александр Зайчиков (94 кг), Ибрагим Берсанов (+105 кг), әйелдер арасында - Галина Мамотова (48 кг), Маргарита Елисеева (53 кг), Сәуле Сәдуақасова (58 кг), Карина Горичева (63 кг), Гүлназ Наурызова (69 кг), Анна Нұрмұхамбетова (75 кг), Александра Аборнева (75 кг) қорғайтын болады.   

Жарыстың алдында ауыр атлетикадан Қазақстан және Азия федерациясы басшыларының қатысуымен дәстүрлі баспасөз мәслихаты өтті. Азия ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Али Муради, бұл чемпионаттың федерация үшін маңызы зор екендігін айта келіп, бірінші кезекте, еліміздің спорт басшыларына қонақжайлығы үшін алғысын білдірді. 

«Астана ауыр атлетикадан Азия чемпионатын алғаш өткізіп отыр. Турнирге 22 елдің ауыр атлеттері қатысады. Келісі жылы Қазақстанда әлем чемпионаты өтпекші. Сондықтан бұл Азия чемпионатын үлкен жетістіктер алдындағы жаттығу десе де болады», - деді Али Муради.

 23 маусымда Астанаға ауыр атлетикадан Халықаралық Федерация президенті Тамаш Аян келеді. Осының өзі чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын аңғартады, - деп атап көрсетеді  ведомство.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни құраманың кейбір көшбасшыларының қатыспауын олардың Олимпиада-2016-ға дайындалып жатқандығымен түсіндірді.

«Біз әрбір санат бойынша қазақстандықтың қатысқанын қалаймыз. Олимпиада ойындарына дейін небары үш жыл уақыт қалды. Бұл көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Сондықтан барынша қарқынды жұмыс істек керек» - деп атап өтті Алексей Геннадьевич.

Жарыстың бағдарламасы:

21 маусым - Әйелдер -48 кг, -53- кг, ерлер -56 кг, -62 кг

22 маусым - Әйелдер -58 кг, -63 кг, ерлер -69 кг, -77 кг

23 маусым - Әйелдер -69 кг, ерлер -85 кг

24 маусым - Әйелдер -75 кг, ерлер -94 кг

25 маусым - Әйелдер +75 кг, ерлер -105 кг, +105 кг

Чемпионаттың жабылуы - 25 маусымда 20:00-де.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109