799

Елордалық велошабандоздар командасы ҚР ІІІ жазғы Жастар ойындарында алтын алды

Елорданың велосипедшілер командасы Жастар ойындарынан елге құр қол келген жоқ. Алтыннан алқа тағып, мерейлерін өсіріп қайтты.

Елорданың велосипедшілер командасы Жастар ойындарынан елге құр қол келген жоқ. Алтыннан алқа тағып, мерейлерін өсіріп қайтты. Талдықорған қаласында маусымның 17-і мен 23-і аралығында велосипедтен тас жолдағы үшінші Жастар ойындары өтті.  Оған республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 60 спортшы қатысты, - деп хабарлайды Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. 

Велоспорттан жалпыкомандалық есепте Астана командасы 346 ұпай жинап, І орын алса, екінші орынға 185 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жайғасты. Ал үшінші орын 164 ұпаймен Алматы облысы командасына бұйырды. 

 Жеңімпаздар қатарынан Ғалым Ахметов, Владислав Филипович, Дмитрий Риве, Юрий Щербинин, Ерлан Пернебеков көрінді. Жігіттерге алтын медаль оңайлықпен келмегені көрінеді. Олар алдағы уақытта да осы биіктен төмендемеуді көздейді. 

 Тұтастай алғанда, Жастар ойындарының қорытындысы бойынша, спорт ойындарының 35 түрінен велошабандоздар жинаған ұпай саны бойынша біздің елордалық команда екінші орынға табан тіреді. 

Бірінші орында 900 ұпай жинаған Алматы облысының командасы болса, астаналық командада - 837 ұпай бар. Ал үшінші орында 783 ұпайды қанағат тұтқан ОҚО командасы тұр. Алда қыздар арасындағы регби, ерлер арасындағы су добы және суға секіру сияқты спорттың үш түрі бар. Соңғы мәре 30 маусымда аяқталады. Осы спорт түрлерінің барлығынан да елорда командасы жүлде алуға ұмтылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109