920

Астанада халықаралық чемпионат алдында бокстан ұлттық команда жасақталды

Астанада Азия чемпионаты мен Бүкіләлемдік Универсиада алдында бокстан ұлттық команда жасақталып, оған 48 боксшы өтті.

Астанада Азия чемпионаты мен Бүкіләлемдік Универсиада алдында бокстан ұлттық команда жасақталып, оған 48 боксшы өтті. Бұл туралы  astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.  

26 маусымда елордадағы Боксты дамыту орталығы базасында жарыстың алдындағы боксшыларды сараптау спаррингі өтті. Ұлттық құраманың жаттықтырушылық штабынан басқа, спаррингте ҚБФ вице-президенті Юрий Цхай, боксшылар Серик Сәпиев пен Бахтияр Артаев қатысты.

 «Бұл Азия чемпионатында алға қойылған міндет - екі алтын алу. Команда құрамында екі Олимпиада ойындарының жүлдегері бар екенін ескерсек, бұл толық жүзеге асыруға болатын іс. Қазір барлық боксшылар да нақты спорттық бабында, турнирге жаппай дайындалуда,- деп атап көрсетті бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов.

Амманда басталатын басты құрлық турнирі - ASBC Азия Чемпионатына құраманың негізгі құрамы 29 маусымда ұшады.

Екінші команда Бүкіл әлемдік Универсиадаға аттанады. Әуелі олар 1 шілдеде Алматыға ұшып барып, одан барлық делегация Қазанға сапар шегеді.  

Азия Чемпионатына баратын команда құрамына: Теміртас Жүсіпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Қайрат Ерәлиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Антон Пинчук (91 кг), Иван Дычко (+91 кг) енді. 

Жаттықтырушылары: М.Айтжанов, А.Стрельников, М.Жәкиев, М.Елеусінов.

Бүкіл әлемдік Универсиадаға баратын команда құрамына: Ержан Жомарт (49 кг), Олжас Саттыбаев (52 кг), Рустам Рустамов (56 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Айдар Өмірзақов (64 кг), Бақытжан Қожабеков (69 кг), Нұрдәулет Жарманов (75 кг), Алмат Серімов (81 кг), Алексей Севостьянов (91 кг), Жан Кособуцкий (+91 кг) енді. Аға жаттықтырушы - Н.Сафиуллин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109