1107

Жазғы футбол мектебінің шәкірттері аяқдопты меңгеруде

Елімізде спорт саласына көп көңіл бөлінеді. Өйткені, құрыштай қуатты, мемлекеттің атын шығарып, даңқын асқақтатар спортшыларды баптау ел үшін абыройлы міндет.  Елімізде спорт саласына көп көңіл бөлінеді. Өйткені, құрыштай қуатты, мемлекеттің атын шығарып, даңқын асқақтатар спортшыларды баптау ел үшін абыройлы міндет. Соның бірі  - аяқдоп шеберлерін дайындайтын «Астана-Барселона» жазғы футбол мектебі. Мұнда республиканың барлық аймақтарынан іріктеліп алынған 9 бен 11 жас аралығындағы 80 бала тәрбиеленеді.

Артур Дадыханов, «Астана-Барселона» балалар футболының жазғы мектебінің тәрбиеленушісі:

Мен 3 жылдан бері футболмен айналысамын. Көптеген жарыстарға барамыз. Барселонадан Карлос пен Иван келді. Олар жақсы жаттықтырады. Білмегенімді үйреніп келемін. Болашақта футболшы болғым келеді.

Руслан Киргетов, «Астана-Барселона» балалар футболының жазғы мектебінің тәрбиеленушісі:

Барселонадан келген жаттықтырушылармен жұмыс істеу өте қызық. Олармен бір алаңда доп қуып, футбол ойнау одан да керемет. Өз командамда – қорғаушымын. Қарсыластан айла асыруды, өз позициямды мықтап меңгеруді үйреніп жатырмын.

Футболшы болам деген жеткіншектерді Испаниядағы FCB жаттықтыру лагерінің атқарушы директоры Карлес Марторель Бакес бастаған Еуропаның ең мықты бапкерлері жаттықтырады.

Карлес Марторель Бакес: «Астана-Барселона» балалар футболының жазғы мектебінің бапкері

Біз Европа, Қытай, Испания сынды елдерде жұмыс істеп, болашақ футболшыларды тәрбиеледік. Әр елде футболға деген қызығушылық әр түрлі. Ал, Астанаға бірінші рет келіп отырмын. Балалардың қызығушылығы, талпынысы ұнайды. Олармен өткізген уақыт пен бөліскен тәжірибем текке кетпейді деп сенемін.

Балалар футболы мектебінің дамуына қолдау көрсеткен - Назарбаев Орталығы. Жазғы футбол дәрісі 30 маусымда басталып 14 шілдеге дейін жалғасады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109