1494

Елордада дзюдо-дан алғашқы спорт клубы ашылды

Бүгін Астанада дзюдо-дан «ТАК Astana Club» алғашқы спорт клубының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. Клуб командасын дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы басқарады.

Бүгін Астанада дзюдо-дан «ТАК Astana Club» алғашқы спорт клубының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

Клуб командасын дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы КСРО спорт шебері,  талай танымал спортшыларды тәрбиелеп шығарған Сергей Раков басқарады 

Команда құрамына қазақстан дзюдосының басты жұздыздары - әлем чемпионы Максим Раков, Азия ойындары мен Азия чемпионатының жүлдегері Ислам Бозбаев, Азия чемпионы және «World Masters»-2013  халықаралық турнирінің жеңімпазы Сергей Лим,  «Қазақстан барысы»-2013 турнирінің, Азия чемпионатының жүлдегері  Ержан Шынкеев енді.

Клуб жұмысының негізгі мақсаты Қазақстанда дзюдо жүйесін дамытып, жетекші спортшылар дайындау, сөйтіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Мұны қазақстандық құраманың көшбасшысы Максим Раковтың мысалынан көруге болады.

«Мен Ресей мен Германияның түрлі клубтарында өнер көрсеттім. Бұл мен үшін өте жақсы тәжірибе. Қазір осындай клубтың Қазақстанда ашылып жатқанына мен қуаныштымын. Енді өзіміздің қазақстандық тудың астында өнер көрсететін боламыз» - дейді спортшы.

Сондай-ақ, «ТАК Astana Club»  басшылары үшін маңыздысы - балалар дзюдосын дамыту. Сондықтан, болашақта дзюдо-мектебін ашу жоспарлануда. Онда тілік білдіргендер жаттығып, шеберліктерін шыңдайтын болады.

Бұдан бөлек, Сергей Раков клубтың ҚР жастар чемпионаты жеңімпаздарымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

«Жапония, Франция, Ресейдің ең мықты командаларымен бірігіп құрама құруды жоспарлаудамыз», - деді ол.

Қазір отандық клубтың 21 желтоқсанда Парижде өтетін Еуропа клубы лигасына қатысуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Команданың маусымы бұрынырақ Астанада қараша айында басталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109