1100

Астанада «Қазақстан бокс Федерациясының Кубогы» республикалық турнирі басталды

Бүгін «Дәулет» спорткомбинатында «Қазақстан бокс Федерациясының Кубогы» республикалық турнирі бәсекесінің ашылуы өтті. Іс-шара «Восток» дивизонында турнирдің ширек финалы кездесуінен басталды. Аталған топқа 4 команда кіреді.

Бүгін «Дәулет» спорткомбинатында «Қазақстан бокс Федерациясының Кубогы» республикалық турнирі бәсекесінің ашылуы өтті.

«Іс-шараның Астанада өтіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Қарсыластарымыз да оңай шағылатын жаңғақ емес. Жалпы алғанда, бұл жарыс жастар арасындағы бокстың дамуына үлкен үлес қоспақшы. Осы турнирден кейін жасөспірімдер бокс секциясына көптеп жазылатынына менің сенімі мол» - деп бөлісті astana.kz сайтына өз ойын Алмыты облысының Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тоқтарбек  Саметов.

Іс-шара «Восток» дивизонында турнирдің ширек финалы кездесуінен басталды. Аталған топқа 4 команда кіреді. Олар: Астана қаласы, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары. Алғашқы болып рингте Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының командалары кездесті. Содан кейін Астана қаласы мен Павлодар облысы командалары арасындағы жекпе-жек басталды.

«Қазақстандық бокс Федерациясы Кубогы» аймақтарда боксты дамыту және жас дарынды спортшыларды анықтау мақсатында Қазақстан бокс Федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілді. Турнир 3 жылдан бері спортшылар мен жаттықтырушылардың және жанкүйерлер арасында кеңінен танымал болып отыр. 

Үстіміздегі жылы республикалық жарыс регламенті біршама өзгертілді. Біріншіден, турнир кезеңдерінің саны үшке дейін қысқартылды. Екіншіден, былғары қолғап шеберлері шлем кимейді. Тағы да бір жаңашылдық - ширек финал айналым жүйесі бойынша өткізіледі: барлық командалар үш кездесуге қатысады. Дивизион жеңімпазы жиналған ұпай саны бойынша анықталады.

Басқа дивизиондағы ¼ матчтар:

• «Оңтүстік» - 20-24 шілде аралығында Шымкентте

• «Батыс» - 25-29 шілде аралығында Ақтөбеде

• «Солтүстік» - 25-29 шілде аралығында Қарағандыда өтеді.

Спортшылар 10 салмақ санатында күш сынасады : 49 ,52 ,56 , 60 ,64,69 ,75 ,81 ,91 келі және 100 келіден  жоғары.

«Қазақстандық бокс Федерациясы Кубогының» финалы 2013 жылдың соңында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109