1045

Елордада Халықаралық шахмат күні атап өтілуде

Бүгін Астанада халықаралық шахмат күні атап өтілуде. Осыған орай елордаға еліміздің көрнекті гроссмейстерлері келді, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Қазақстан Республикасының шахмат Федерациясы. Бұл күні түрлі игі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды.

Бүгін Астанада халықаралық шахмат күні атап өтілуде. Осыған орай елордаға еліміздің көрнекті гроссмейстерлері келді, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Қазақстан Республикасының  Шахмат Федерациясы.

Халықаралық шахмат күні Дүниежүзілік Шахмат Федерациясының бастамасы бойынша 1966 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бұл күні түрлі игі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Биылғы жылы шахмат күні құрметіне  «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында өнер,спорт және ғылым негіздерінен іс-шаралар ұйымдастырылады.

«20  шілдеде Астанада Халықаралық шахмат күні ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы, гроссмейстер Нұрлан Ибраевпен бірге атап өтілуде. Сондай-ақ, бұл күні елордаға еліміздің шахмат құрама командасының ойыншылары Ринат Жұмабаев пен Әнуар Исмағамбетов келеді»,-делінген хабарламада.

Мерекелік бағдарламаға байқаулар, ойын-сауықтар, еліміздің жетекші гроссмейстерлерінің бір ойындық сеанстары кіреді.

Соңғы жылдары Қазақстанда шахмат ойыны кеңінен таралуда. 2012 жылы шілдеде елордамызда блиц пен жылдам шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Бұл Халықаралық Шахмат Федерациясының Қазақстанға деген сенімінің жоғары екендігінің белгісі. Бұған 2013 жылы наурыз айында әйелдер арасындағы командалық чемпионатты өткізу үшін ФИДЕ-нің Астананы таңдауы дәлел болады. Әйелдер арасындағы әлемдік шахмат форумы Қазақстанда табысты өтті, ал еліміздің жас әйелдер құрамасы әлемдік мамандардың құрметіне ие болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109