1433

Бокстан Астана құрамасы бірінші болып ҚБФ Кубогының жартылай финалына шықты

19- 21 шілде аралығында «Дәулет» СК елордалық былғары қолғап шеберлері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының командаларынан басым түсті.

Астана құрамасы бірінші болып Қазақстанның бокс федерациясы Кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлады astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

19- 21 шілде аралығында «Дәулет» СК елордалық былғары қолғап шеберлері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының командаларынан басым түсті.

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған ҚБФ Кубогы бокстың жаңа ережелері бойынша ұйымдастырылды,сондай-ақ, жарыстың регламенті де өзгертіліп, үш кезеңге дейін қысқартылды.

«Бірінші жекпе-жекте боксшыларымыз 8:2 есебімен Павлодар облысының командасын ойсыратты, ал Алматы облысының өкілдері ШҚО спортшыларын жеңді - 7:3. Турнирдің екінші күнінде астаналықтар 9:1 есебімен шығысқазақстандық спортшыларды тізерлетті, Алматы облысының құрамасынан осындай есеппен жеңілген павлодарлықтар жартылай финалға шыға алмады. Жарыстың соңғы күні көш бастаған командалар келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салды», - деп хабарлайды ведомство.   

Алғашқы үш кездесуде жеңіл салмақ санаттарында елордалық спортшылар жеңіске жетті. Азат Камзин төрешілердің шешімімен Мардан Берікбаевтан басым түсті. 52 кг салмақ дәрежесіндегі ҚР құрамасының көшбасшысы Ільяс Сүлейменов екінші раундта Ернар Өркенді техникалық нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.  «Astana Arlans» сапында өнер көрсетіп жүрген 56 кг дейінгі салмақта Мейірболат Тойытов Дидар Өтелбаевтан айласын асырып, көрермендерді бір қуантты. Қарсы команданың екі өкілі Бекман Сойлыбаев пен Бекболат Құрамысов, сәйкесінше, Дархан Жұмсақбаев пен Дәулет Дәукеновты жеңді. 69 кг дейінгі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов елордалық команданың басымдығын арттыра түсіп, төрешілер бірауыздан қабылдаған шешіммен Бағдат Науқановпен өткізген жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Күтпеген жерден Бақытжан Қожабеков Айдос Ерболсынұлынан жеңіліп қалды. 81 кг дейінгі салмақта Дәурен Елеусінов Арман Рысбекті жеңсе, ауыр салмақта жарысқа түсетін астаналық спортшы  Василий Левит 3:0 есебімен Арбек Әбдуғаниевтен басым түсіп, жарыстың қорытындысын шығарды. Соңғы кездесуде Дәулет Мұсабаев Ермек Усеновті ұтты. Астана командасы Қазақстан бокс федерациясының жартылай финалына бірінші болып шықты.

Бұл кезеңде бақ сынасатын басқа да тағы екі команда 24 шілдеде Шымкентте «Оңтүстік» дивизионында, 29 шілдеде Ақтөбе мен Қарағандыда сәйкесінше, «Батыс» және «Солтүстік» дивизиондарында анықталады.

Жартылай финал мен ақтық кездесулер желтоқсан айында Астанада өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109