1135

Астанада мәнерлеп көлік жүргізуден жарыс өтеді

Елордалық «Қазақстан» спорт сарайының тұрағында 27 шілде күні мәнерлеп жүрдек көлік жүргізуден TMsport Кубогы өтеді, оған еліміздің үздік шабандоздары қатысады.

Елордалық «Қазақстан» спорт сарайының тұрағында 27 шілде күні мәнерлеп жүрдек көлік жүргізуден TMsport Кубогы өтеді, оған еліміздің үздік шабандоздары қатысады.

Жарысты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен TRI MIRA RacingTeam командасы, Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы ұйымдастырып отыр.

Додаға қатысу үшін көлік әуесқойларына жүргізуші куәлігі, ҚР АМСФ биыл берген «Д» және «Е» санатындағы жүргізушінің қолданыстағы сертификаты, медицина мекемелерінің рұқсаты, сақтандыру полисі қажет. Әр қатысушы өтініш беріп, жарыс өткізілетін уақытқа жауапкершілік туралы қолхат жазады.

«Жарысқа джип және шағын автобустардан басқа техникалық байқаудан өткен кез-келген маркалы көлік қатыса алады. Оның қозғалтқышының көлеміне шектеу қойылмайды. Жарыс артқы, алдыңғы және толық жетектегі автомобильдер арасында үш сынып бойынша өткізіледі»,- деп хабарлады ұйымдастырушылар.    

Ережеге сәйкес, жарыс басталған соң 2 автомобиль қатар жүреді. Бақылаушы турларда әр қатысушыға екі мүмкіндіктен беріледі, оның ең үздігі есепке алынады. Финалға әр сынып бойынша 1-8 орын алған жүргізушілер өтеді.

Жеңімпаздарға демеушілердің атынан естелік сыйлықтар, дипломдар, медальдар мен ақшалай сыйақылар беріледі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109