1427

Серік Сәпиев спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы атағын алды

Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы» құрметті атағын алды, осылайша, ол әлемде бұл атаққа ие болған 13-ші спортшы болып отыр.

Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы» құрметті атағын алды, осылайша, ол әлемде бұл атаққа ие болған 13-ші спортшы болып отыр, деп хабарлады қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

2012 жылғы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевты бірінші болып ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның төрағасы Иманғали Тасмағамбетов құттықтады.

«Бұл аса құрметті атақ, ЮНЕСКО-ның бұл атағына лайықты болып танылғаныма қуаныштымын, - деді Серік Сәпиев. - Бұл туралы маған Иманғали Нұрғалиұлы хабарлады, ол әлемде «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» атағы 12 рет қана берілгенін айтып, құттықтады. Бұл мен үшін асқан құрмет. Спортты бұдан әрі дамыту үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін».

 «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» (UNESCO Champion for Sport) - жас ұрпақтың болашағы үшін дене шынықтыру мен спортты насихаттап, барша әлемде ЮНЕСКО идеясын таратуға ықпал еткен әлемдік дәрежедегі танымал спортшыларға берілетін атақ.

Атап айтқанда, бұл құрметті атақты неміс шабандозы, «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахер, 1994 жылдан бергі ізгі ниет елшісі Эдсон Арантис ду Насименту - атақты Пеле, әлемдік додалардың және Олимпиадалардың чемпионы француз дзюдошысы Давид Дуйе, қадамен секіруден әлемдік рекорд орнатқан Украина спортшысы Сергий Бубка, аты аңызға айналған хоккеиші, екі дүркін олимпиада чемпионы Вячеслав Фетисов, ауыр салмақтағы әлем чемпиондары, ағалы-інілі боксшылар Виталий және Владимир Кличко, WTA теннисшісі, Үлкен Дулығаның жеті турнирінің жеңімпазы, олимпиада чемпионы Жюстин Энен, екі дүркін олимпиада чемпионы, литвалық жеңіл атлет Виргилиус Алекна, белгілі ямайкалық жеңіл атлет, олимпиаданың үш дүркін чемпионы Вероника Кэмпбелл-Браун, монғол сумо балуаны Хакухо Сё, жағажай волейболынан олимпиада чемпионы бразилиялық Жаклин Силва, белгілі уругвайлық футболшы және жаттықтырушы Оскар Табарес сынды спортшылар иеленген.

Дәстүр бойынша құрметті атақты берудің салтанатты рәсімі Парижде БҰҰ-ның штаб пәтерінде өтеді. Бірақ диплом қазақстандық боксшыға 22-23 тамызда Астанада өтетін 2013-2022 жылдар кезеңінде мәдениеттердің жақындасуы халықаралық онжылдығын ұлықтау жөніндегі халықаралық форум шеңберінде табыс етілуі мүмкін. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109