1043

Теннистен ҚР кубогының жеңімпаздары анықталды

Астанада кеше теннистен ҚР Президенті Кубогы аяқталды. Өкінішке орай, қазақстандық теннисшілер ақтық сында жеңіліс тапты. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасынан хабарлады.

Астанада кеше теннистен ҚР Президенті Кубогы аяқталды. Өкінішке орай, қазақстандық теннисшілер ақтық сында жеңіліс тапты. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасынан хабарлады.

Ерлер арасындағы жеке кездесуде бұған дейін командаласы Андрей Голубевтен басым түскен Михаил Кукушкин әлемнің 97-ші ракеткасы, Израиль спортшысы Дуди Селамен кездесті. Матчқа ауа райы кедергі жасады. Финалдық кездесулер елордалық «Дәулет» СК жабық кортына ауыстырылды.

«Бірінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жеткен Михаил Кукушкин, келесі сетте 2:6 есебімен ұтылып қалды. Үшінші сеттің басында қазақстандықтың белі ауырып, оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл ретте Кукушкин 6:7 (6:8) есебімен жеңілді. Матч 2 сағат 59 минутқа жалғасты», - деп хабарлады ведомство.

Жеңімпаз атанған Селе $18,000 сыйақыға ие болып, АТР рейтингінде 110 ұпай еншіледі.

Қазақстандықтар жұптық кездесуде де есе жіберді. Финалда Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин тегеурінді күресте итальяндық жұп Риккардо Гедин мен Клаудио Грассиге жол берді. Матчтың нәтижесі - 6:3, 3:6, 10:8. Бұған дейін жартылай финалда отандық теннисшілер Ти Чен (Тайпей)/Янг-Ку Лим (Корея) дуэтінен 7:6, 3:6, 10:7 есебімен басым түскен болатын.

Әйелдер арасында жұптық кездесуде турнирде Украина спортшылары - апалы-сіңлі Киченоктар жеңімпаз атанды. Олар ақтық сында ресейлік жұп - Нина Братчикова мен Валерия Соловьевадан айласын асыра алды, 6:2,6:2.

Надежда Киченок сондай-ақ, турнирде әйелдер арасындағы жеке кездесулерде де топ жарды. Шешуші кездесуде Украина теннисшісі 6:4, 7:5 есебімен Президент Кубогының былтырғы жеңімпазы португалиялық Марию Жоао Кохлерді жеңді.

Еске салайық, елордалық турнирдің жүлде қоры 225 мың долларды құрады. Додаға әлемнің 25 елінің спортшылары қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109