1150

Астана командасы республикалық веложарыста алтын алды

22-28 шілде аралығында Астанада М.Ильяновты еске алуға арналған республикалық жарыс өтті. Додаға 14 команда, 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

22-28 шілде аралығында Астанада М.Ильяновты еске алуға арналған республикалық жарыс өтті. Додаға 14 команда, 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

24 шілдеде әуежай маңындағы айналма жолда 15 шақырымдық жеке жарыс өтті. Онда 21 минут 52 секунд нәтижемен астаналық спортшы Иоган Штейн топ жарды, оған 2 секунд есе жіберген елордалық Дмитрий Лесечко екінші орын алды. Үздік үштікті Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Артем Мельников тұйықтады, ол 22 минут 23 секунд нәтижеге қол жеткізді.

25 шілдеде осы жерде 28 шақырымдық топтық жарыс өтті. Онда Алматы спортшысы Максим Максимов жеңімпаз атанды, екінші орынға тағы да Дмитрий Лесечко ие болды. Ал Иоган Штейн үшінші нәтиже көрсетті.

26 шілдеде елордалық шаңғы-роллерлік трассада 38 км топтық жарыс өтті. Дмитрий Лесечко мұнда да өзінің шеберлігін көрсетіп, үздік атанды. Максим Максимов (Алматы) күміс алса, Иоган Штейн қоланы қанағат тұтты.

27 шілдеде айналма тас жолда өткен 25 км командалық жарыста тағы да Астана-2 командасының өкілдері көш бастады - 36 минут 32 секунд. Жамбыл облысының командасы екінші орында - 37 минут 39 секунд. Солтүстік қазақстандық спортшылар үшінші орын алды - 38 минут 15 секунд.

Веложарыстың соңғы күні, 28 шілдеде 20 км критериум жарысы өтті. Артем Мельников (оңтүстік Қазақстан облысы) 1 орын, Дмитрий Вайнт (Жамбыл облысы) екінші, Максим Максимов (Алматы) үшінші орын алды.

Жарыс күндерінің қорытындысы бойынша жеке есепте елордалық велошабандоз Дмитрий Лесечко жеңімпаз атанды. Жеңіс тұғырының екінші және үшінші орындарына Иоган Штейн мен алматылық Максим Максимов көтерілді.  

Жалпыкомандалық есепте Астана-2 үздік атанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері сәйкесінше, екінші және үшінші орындарды бөлісті. Сергей Мальцев (СҚО) «Белсенді шабандоз», ал Роман Дрожинин (Жамбыл облысы) ең үздік «Жас шабандоз» атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109