1097

Астанада велоспорт әуесқойларына арналған велобандар салынады

Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды велобандар салынады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Астанада велосипедшілер мен велоспорт әуесқойларына арналған ауқымды велобандар салынады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

«2011 жылы 30 шілдеде №884 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін велобандар салу көзделген» - делінген ақпаратта.

Велобандардың жалпы ұзындығы 74 км құрайды, сондай-ақ, велосипед жолдары, тұрақ орындары, орындықтар және велосипедтерді жалға алу пунктері салынады. Бұдан басқа велосипед жолдарының жалпы қалалық маңыздағы магистраль көшелермен қиылысатын жерлерде жол өтпесін, бағдаршамдар және пандустар салу жоспарланған.

«Велосипед жолдарының үш типін салу қолға алынады. Атап айтқанда, тек велосипедшілерге ғана арналған жеке жол, ортақ қолданылатын жол құрамындағы бетон қоршаумен немесе белгімен оқшауланған велосипед жолы және жаяу жүргіншілер жолының құрамындағы веложолдар, ол да белгімен немесе жиектермен бөлінеді», - делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, велосипедтерді қалдыруға болатын арнайы орындар ұйымдастырылады.

Еске салайық, 2011 жылы Қорғалжын тас жолының аумағында 4 км веложол салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109