1052

Паралимпиадашылар ұлттық рекордтар орнатты

ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан тарихында алғаш рет паралимпиадалық спорт түрлерінен жеңіл атлеттер 8 лицензия алып, жарыс қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енді.

Бүгін Астанаға Францияда жеңіл атлетикадан өткен Әлем чемпионатынан паралимпиадашылар оралады. ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан тарихында алғаш рет паралимпиадалық спорт түрлерінен жеңіл атлеттер 8 лицензия алып, жарыс қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енді.

Ұлттық паралимпиада комитетінің спорт бойынша вице-президенті Галина Ванинаның айтуынша, нормативтер Лондонда өткен паралимпиадалық ойындардағыдан да қатаң болды. «Бірақ біздің спортшылар Қазақстанның намысын қорғай алды. Әрине, біз енді ғана аяғымызға нық тұрып келеміз. Бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының екі жылдық қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Төрт спортшы үздік сегіздікке еніп, ұлттық рекорд орнатты. Олар өзге елдердің спортшыларына есе жіберген жоқ. Біз бұдан артық шыңдарды бағындыратын боалмыз» - деді Галина Ванина баспасөз брифингінде.

«Бүгінде, басты үміт жастарға артылып отыр. Олардан еліміздің намысын қорғап, спортпен шұғылдануға қорықпауға, облыс орталықтарында, ауылдарда секцияларға баруға шақырамыз. 2015 жылы өтетін келесі ойындарда табанды күресетін боламыз», - деді ол.

Қазақстандық паралимпиада спортшыларының қоржынында:

Ядро лақтырудан 5-орын - Мансұрбаев Равиль,

Ұзындыққа секіруден 7-орын - Тайжанова Айнұр,

Ұзындыққа секіруден 8-орын - Қалкаев Аманат,

Найза лақтырудан 8-орын - Нарыбеков Дәуренбай.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109