1145

Астанада стендтік атудан ҚР Кубогының үшінші кезеңі өтеді

Астанада 1-5 тамыз аралығында стендтік атудан Қазақстан Республикасы Кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметінен. Атқыштар екі жаттығу - дөңгелек стенд және компакт-спортинг бойынша бақ сынасады.

Астанада 1-5 тамыз аралығында стендтік атудан Қазақстан Республикасы Кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметінен. 

«Қазақстанның үздік атқыштары Республикалық турнирдің бас жүлдесін сарапқа салады. Жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысынан, Қостанай және Павлодар қаласының 100-ге жуық спортшысы қатысады» - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

1 тамызда Кубоктың кезекті кезеңі басталады. Дода 15 жастан жоғары жасөспірімдердің және ересек ерлер мен әйелдер арасында өтеді.

Атқыштар екі жаттығу - дөңгелек стенд және компакт-спортинг бойынша бақ сынасады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 2 тамызда өтеді. Стендтік атудан ҚР кубогының нәтижелері 4 тамызда белгілі болады.

Биыл Кубокпен бірге Астана қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылады.

Кубоктың бірінші кезеңі Шымкентте «Эльдорадо» атыс орнында дөңгелек және траншеялық стенд бойынша өтті. Жалпы командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы көш бастады. Екінші орында Алматы командасы. Үздік үштікті елордалықтар тұйықтады.

Кубоктың екінші кезеңі еңбегі сіңген спорт шебері Александр Асановқа арналған стендтік атудан халықаралық турнирді өткізумен сәйкес келді.

ҚР Кубогын өткізу орны: Астана қаласы, «Экодеревня», Алаш тас жолы 138/2.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109