1282

Астанада шаңғы роллерден алғаш рет Ашық кубок өтеді

4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Додаға Олимпиада ойындары-2014 спортшылары, Қазақстанның үздік шаңғышылары, соның ішінде Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алексей Полторанин мен Николай Чеботько, командалық спринттен Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Денис Волотка, жастар арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері Марк Старостин және т.б. қатысады.

 «Біздің пікірімізше, чемпиондардың жақын араласуы жастарымызды жаңа спорттық жетістіктерге жетелейді. Мұндай жаппай іс-шараларды өткізу қоғамды, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына және спортқа тартады!»,- дейді ұйымдастырушылар.

Турнирге қатысуға спортқа әуес қыз-жігіттер, ерлер мен әйелдер, ардагерлер шақырылады. Астананың Ашық Кубогы Қалалық шаңғы-роллерлік трассада (орталық парк) өтеді. Жарыс аяқталған соң келушілерге спортшылармен және ұлттық құрамамен суретке түсуге, автографтар алуға мүмкіндік беріледі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазіргі уақытта Полторанин мен Чеботькоға басты үміт артылып отыр. Олар Сочиде өтетін қысқы Олимпиадада бас жүлдеге қол жеткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар, құрама команда сапында назар аударарлық басқа да спортшылар бар. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен 9 лицензияға ие болды. Жылсоңынадейінбұлкөрсеткішті 12-гедейінарттыружоспарланған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109