1156

Елордалық спортшылар стендтік атудан ҚР Кубогының ІІІ кезеңінде жүлде алды

Астанада Стендтік атудан ҚР Кубогының ІІІ кезеңі және Ашық чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада елордалық команда жүлделі орындарға ие болды.

Астанада Стендтік атудан ҚР Кубогының ІІІ кезеңі және Ашық чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада елордалық команда жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарыста Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының спортшылары бас қосты. Атап айтқанда, ардагерлер, ерлер мен әйелдер, 15 жастан жоғары жасөспірімдер.

Сынақ екі жаттығу бойынша өткізілді - дөңгелек стенд және компакт-спортинг.

«Командалық есепте дөңгелек стендте 309 ұпаймен Астана құрамасы топ жарды: Айк Авагян, Сергей Качанов және Абылай Амандықов. Павлодар облысының құрамасы 284 ұпаймен екінші орында, ОҚО 277 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Компакт-спортинг стенд жаттығуында тұғырға Қостанай облысының спортшылары көтерілді - Виктор Скрикеля, Виктор Чернобровин және Владимир Кригер. Жасөспірімдер арасында Астана мене ОҚО спортшылары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Астаналық В.Васянин үздік атанды, ал қыздар арасында О.Хайлова бас жүлдеге ие болды.

Командалық есепте Қостанай облысының Рудный-2 құрамасы бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарда сәйкесінше, Астана және  Рудный-1 командалары.

Биыл ҚР Кубогы жарысының аясында компакт-спортингтен Астананың ашық чемпионаты өтті. Ардагерлер санатында (55-тен жоғары) Рудный қаласының өкілі Евгений Ваганов бірінші орын алды. Елордалық Олег Докучаев пен Рудный спортшысы Владимир Тарасенко екінші және үшінші орындар ға тұрақтады.

ҚР Кубогының төртінші кезеңі қазан айында Алматыда өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109