1225

Астанада әскери қызметшілер суда жүзуден бақ сынасты

Елордалық «Қазақстан» спорт кешенінде ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, Ақмола өңірлік гарнизонының бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілерінің арасында жүзуден чемпионат ұйымдастырылды.

Елордалық «Қазақстан» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, Ақмола өңірлік гарнизонының бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілерінің арасында жүзуден чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жарысқа 16 команда қатысты. Әйелдер арасында бірінші орынды Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің келісімшарт бойынша кіші сержанты Е. Прибыткова бірінші орын алды. Ерлер командаларының арасында 4х100 м эстафетада Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының командасы топ жарса, Тыл бастығы басқармасының командасы екінші орынға, Әскерді пәтерге орналастыру бас басқармасының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында жеке біріншілікте ӘТК бас қолбасшысы басқармасының аға лейтенанты М. Әбілмәжінов жеңімпаз атанса, екінші орынды №14776 әскери бөлімінің лейтенанты Е. Ғалымжанұлы иеленді. № 55765 әскери бөлімінің кіші сержанты А. Ибраев үшінші орын алды.

Қазылар алқасы жарыс қорытындысын шығарды. Жалпыкомандалық есепте ҚР ҚК Тыл бастығының басқармасы бас жүлдеге ие болса, екінші, үшін орындарды 14776 әскери бөлімі мен Әуе қорғанысы күштерінің командалары өзара бөлісті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109